AP 14869593 (жетекшісі Альмерекова Ш.С.)

Жоба туралы қысқаша ақпарат

(2022-2024 ж.ж.)

Жобаның атауы: ЖТН AP14869593 «Қазақстандағы Salsola L. туысы түрлерінің генетикалық алуантүрлілігін зерттеу және фитохимиялық талдау».

Өзектілігі. Қазақстан аумағының шамамен 60% өсімдік жамылғысының доминантты құрамдас бөлігі Salsola (сораң) түрлері болып табылатын шөлдер мен шөлейттер алып жатыр. Сондай-ақ, сораңдар дәрілік шикізаттың маңызды көзі, құрғақ аймақтардың құнды жем-шөп ресурстары, биоремедианттар мен құмдарды бекітуші болып табылады. Сондықтан ботаника, молекулалық генетика, жаңа буын технологиялары және фитохимия әдістерін пайдалана отырып, генетикалық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану үшін Salsola түрлерін кешенді зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы жоғары. Құнды қазақстандық Salsola түрлерін кешенді зерттеу бұрын жүргізілмеген. Сонымен қатар, туыстың жалпы қабылданған таксономиясы жоқ және Salsola молекулалық таксономиясы шешілмеген сұрақ болып қалады. Жобада жаңа буынды секвенирлеу технологиясын пайдалану зерттелетін туыстың таксономиялық мәселелерін шешуге ықпал етеді.

Жобаның мақсаты: қазіргі заманғы молекулалық-генетикалық және биохимиялық әдістер мен жаңа буынның геномдық технологияларын пайдалану негізінде Қазақстанның Salsola L. түрлерінің генетикалық алуантүрлілігі мен фитохимиясын зерттеу.

 Күтілетін нәтижелер:

 1. Salsola түрлерінің популяциясын жинау, олардың түрлерін анықтау, гербарийлерді дайындау және цифрлау,  Salsola түрлерінің қатысуымен фитоценоздарды сипаттау жүзеге асырылады.

2. ДНҚ-баркодтау технологиясы бойынша ядролық және хлоропластты геномдарының маркерлері негізінде Salsola түрлерінің филогенетикалық қатынастары зерттеледі.

3. Хлоропласт геномын секвенирлеу негізінде Salsola түрлерінің филогенетикалық байланыстары талданады.

4. Қазақстандық Salsola түрлерінің макро — және микроэлементтік құрамы мен антиоксиданттық белсенділігі зерттеледі.

Жобаның ғылыми жетекшісі: Альмерекова Шырын Семизбайкызы, аға ғылыми қызметкер, PhD-доктор (2018, геоботаника). 35 ғылыми еңбектің, соның ішінде Web of Science (H-index=4, https://www.webofscience.com/wos/author/record/9617158) және/немесе Scopus (H-index=4, https://www2.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57196952712) индекстелетін рейтингі жоғары рецензияланатын басылымдардағы 12 мақаланы қоса алғанда, 21 мақаланың және ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (БҒССҚК) ұсынған журналдардағы 9 мақаланың бірлескен авторы, 1 оқу құралы, 1 авторлық куәлік, 1 пайдалы модельге ҚР патенті бар. Қазақстан Республикасының дарынды жас ғалымдарына арналған стипендия иегері (2021ж.).

Зерттеу тобының мүшелері:

Абугалиева С.И., бас ғылыми қызметкер, биология ғылымдарының докторы, профессор. >90 мақала (оның ішінде Web of Science (H-index=8, https://www.webofscience.com/wos/woscc/citation-report/b75075f1-aa93-49e7-b3c5-86e58315e8a1-2f7a75ee) және/немесе Scopus деректер базасында 39 мақаланың (H-index-8, https://www2.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=6507029042);  БҒССҚК 47 мақаланың және т.б. бірлескен авторы.

Затыбеков А.К., PhD, аға ғылыми қызметкер, 23 ғылыми мақаланың бірлескен авторы: Web of Science и Scopus рецензияланатын басылымдардағы 7 (H-index–3, https://www2.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57196942983), БҒССҚК басылымдарында 16; 1 ғылыми-әдістемелік ұсынымның, 2 пайдалы модель патентінің бірлескен авторы.

Веселова П.В., биология ғылымдарының кандидаты (ботаника), ҚР ЭТРМ ОШЖДК Ботаника және фитоинтродукция институтының (БФИ) жоғары өсімдіктер флорасы зертханасының жетекші ғылыми қызметкері. >100 жарияланымы бар, H-index=3 (https://www2.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57193084177, WoS бойынша H-index=3, https://www.webofscience.com/wos/author/record/41761960).

Айменова Ж.Е., PhD, Әуезов ат. ОҚУ жаратылыстану-техникалық ҒЗИ жанындағы «Фитохимия» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі. >40 ғылыми мақаланың, оның ішінде БҒССҚК ғылыми журналдардағы 6 мақаланың, Scopus индекстелген 3 мақаланың (H-index=1, https://www2.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57074125500), 1 өнертабысқа патент, 10 әдістемелік құрал, 1 монография авторы.

Ермагамбетова М.М., магистр (геоботаника), кіші ғылыми қызметкер (кғқ), 4 жылдық тәжірибесі бар.

Гениевская Ю.А., магистр (биотехнология), кғқ, Web of Science және/немесе Scopus-та индекстелген 11 мақаланың бірлескен авторы (H-index=5, https://www2.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57196939730).

Осмонали Б., БФИ Жоғары өсімдіктер флорасы зертханасының кғқ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жобалық өтінім тақырыбы бойынша PhD-докторанты (геоботаника мамандығы). >15 жарияланымның, соның ішінде Web of Science және/немесе Scopus деректер базасында индекстелген 5 ғылыми мақаланың бірлескен авторы (H-index=2, https://www2.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57212564484).

2017-2022 жылдардағы жоба орындаушыларының жарияланымдары мен патенттерінің тізімі: 

  1. Almerekova, S., Mukhitdinov, N., Abugalieva, S. (2017). Phylogenetic study of the endemic species Oxytropis almaatensis (Fabaceae) based on nuclear ribosomal DNA ITS sequences. BMC plant biology (IF= 4.96, квартиль-Q1; SJR=1.378, процентиль-87), 17(1), 1-9. DOI: 10.1186/s12870-017-1128-x;
  2. Almerekova, S., Shchegoleva, N., Abugalieva, S., Turuspekov, Y. (2020). The molecular taxonomy of three endemic Central Asian species of Ranunculus (Ranunculaceae). PloS one (IF=3.788, квартиль-Q2; SJR=0.990, процентиль-92), 15(10), e0240121. DOI:10.1371/journal.pone.0240121
  3. Özek, G.; Schepetkin, I.A.; Yermagambetova, M.; Özek, T.; Kirpotina, L.N.; Almerekova, S.S.; Abugalieva, S.I.; Khlebnikov, A.I.; Quinn, M.T. (2021) Innate Immunomodulatory Activity of Cedrol, a Component of Essential Oils Isolated from Juniperus Species. Molecules (IF=4.588, квартиль-Q2; SJR=0.990, процентиль-74), 26, 7644.
    DOI:10.3390/molecules26247644
    Almerekova, S., Lisztes-Szabó, Z., Mukhitdinov, N., Kurmanbayeva, M., Abidkulova, K., Sramko, G. (2018). Genetic diversity and population genetic structure of the endangered Kazakh endemic Oxytropis almaatensis (Fabaceae). Acta Botanica Hungarica (SJR=0.417, процентиль-50) 60(3-4), 263-278. DOI: 10.1556/034.2018.1
  4. Almerekova, S., Favarisova, N., Turuspekov, Y., Abugalieva, S.*(2020). Cross-Genera Transferability of Microsatellite Markers and Phylogenetic Assessment of Three Salsola Species from Western Kazakhstan. Proceedings of the Latvian Academy of Sciences. Section B: Natural, Exact, and Applied Sciences (Latvia) (SJR=0.168, процентиль-39), 74 (5), 325-334. DOI:10.2478/prolas-2020-0049.
  5. Almerekova, S., Abugalieva, S*, Mukhitdinov, N. (2018). Taxonomic assessment of the Oxytropis species from South-East of Kazakhstan. Vavilovskii Zhurnal Genetiki i Selektsii= Vavilov Journal of Genetics and Breeding. (SJR=0.188, процентиль-38), 22(2), 285-290. DOI:10.18699/VJ18.362
  6. Abugalieva, S., Volkova, L., Genievskaya, Y., Ivaschenko, A., Kotukhov, Y., Sakauova, G., Turuspekov, Y. (2017). Taxonomic assessment of Allium species from Kazakhstan based on ITSand matK markers. BMC plant biology (IF=4.96, квартиль-Q1; SJR=1.378, процентиль-87), 17(2), 51-60. DOI:10.1186/s12870-017-1194-0
  7. Genievskaya, Y., Abugalieva, S., Zhubanysheva, A., Turuspekov, Y. (2017). Morphological description and DNA barcoding study of sand rice (Agriophyllum squarrosum, Chenopodiaceae) collected in Kazakhstan. BMC Plant Biology (IF=4.96, квартиль-Q1; SJR=1.378, процентиль — 87), 17(1), 1-8. DOI:10.1186/s12870-017-1132-1
    Sumbembayev, A., Abugalieva, S., Danilova, A., Matveyeva, E., & Szlachetko, D. (2021). Flower morphometry of members of the genus Dactylorhiza Necker ex Nevski (Orchidaceae) from the Altai Mountains of Kazakhstan. Biodiversitas Journal of Biological Diversity (SJR=0.257, процентиль-40), 22(8). DOI:10.13057/biodiv/d220855
  8. Turuspekov, Y., Genievskaya, Y., Baibulatova, A., Zatybekov, A., Kotuhov, Y., Ishmuratova, M., Imanbayeva A., Abugalieva, S. (2018). Phylogenetic taxonomy of Artemisia L. species from Kazakhstan based on matK analyses. Proceedings of the Latvian Academy of Sciences. Section B: Natural, Exact, and Applied Sciences (Latvia) (SJR=0.168, процентиль-39), 72(1), 29. DOI:10.1515/prolas-2017-0068.
  9. Turuspekov, Y., Abugalieva, S., Ermekbayev, K., Sato, K. (2014). Genetic characterization of wild barley populations (Hordeum vulgare ssp. spontaneum) from Kazakhstan based on genome wide SNP analysis. Breeding Science, (IF=2.63, квартиль–Q2; SJR=0.799, процентиль-74) 64(4), 399-403. DOI:10.1270/jsbbs.64.399
  10. Friesen, N., Vesselova, P., Osmonaly, B., Sitpayeva, G., Luferov, A., & Shmakov, A. (2021). Allium toksanbaicum (Amaryllidaceae), a new species from Southeast Kazakhstan. Phytotaxa (IF=1.198, квартиль–Q3; SJR=0.443, процентиль-50), 494(3), 251-267.DOI:10.11646/phytotaxa.494.3.1
  11. Seidl, A., Tremetsberger, K., Pfanzelt, S., Blattner, F. R., Neuffer, B., Friesen, N., Hurka, H., Shmakov A., Batlai O., Žerdoner Čalasan, A., Vesselova, P., Bernhardt, K-G. (2021). The phylogeographic history of Krascheninnikovia reflects the development of dry steppes and semi-deserts in Eurasia. Scientific reports (IF=5.134, квартиль–Q1; SJR=1.240, процентиль-93), 11(1), 1-15. DOI:10.1038/s41598-021-85735-z
  12. Kechaykin А, Batkin, A., Sitpayeva, G., Vesselova, P., Osmonali, B., Shmakov, A. (2020). New data on genus Potentilla L. Rosaceae Juss.) in the flora of Kazakhstan. Turczaninowia (SJR=0.354, процентиль-32), 23(1), 32-40.
    DOI:   10.14258/turczaninowia.23.1.4
  13.  Осмонали, Б., Ахтаева, Н., Веселова, П., Кудабаева, Г., Курбатова, Н. (2020). Salsola L. туысы түрлерінің анатомиялық құрылысының ерекшеліктері. Оңтүстік Сібір мен Моңғолияның ботаникалық мәселелері, 19(2), 146-154. DOI: 10.14258/pbssm.2020093
  14.  Осмонали Б. (2021) Сырдария өзені аңғарының шөлді бөлігінің флорасының Salsola L. туысы түрлері (анықтама кілті және конспект). Оңтүстік Сібір мен Моңғолияның ботаникалық мәселелері, 20(2), 125-137. DOI: 10.14258/pbssm.2021130
  15. Osmonali1, B., Vesselova P., Kudabayeva G., Akhtayeva N. (2022) Phytocenotic features of species of the genus Salsola L. (Chenopodiaceae Vent./Amaranthaceae Juss.) in the desert part of the Syrdarya river valley. Вестник Карагандинского университета, 1(105), 78-85. DOI 10.31489/2022BMG1/78-85
  16. Мухитдинов Н., Аметов А., Альмерекова Ш., Абидкулова К. Сирек және эндем Oxytropis almaatensis Bajt. өсімдігі ценопопуляцияларының эколого-биологиялық ерекшеліктері. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы. – Алматы: Қазақ университеті, 2017. — №2 (51). – Б. 69-80.
  17. Eshibaev, A., Aimenova, Z., Akynova, L., Nurseitova, L., & Kopabaeva, A. (2021). The population status of Lagochilus setulosus Vved. and its biochemical composition. Ecological Questions (SJR=0.227, процентиль-46) 32(2), 111-118. DOI: 10.12775/EQ.2021.018 
    (https://www.webofscience.com/wos/woscc/full-record/WOS:000729025600009)
  18. Айменова Ж.Е., Ешибаев А.А. Lagochilus setulosus фармацевтикалық потенциалы және оны экстракциялау негізінде гемостатикалық әсері бар биологиялық препаратты алу технологиясы. Монография. – Шымкент университеті, 2019 – 130 б. ISBN 978-9965-782-30-5.
  19. № 32895 өнертабыс патенті Айменова Ж.Е., Ешибаев А.А. Lagochilus сығындысын гемостатикалық агент ретінде қолдану. «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК. – 2018. Тіркеу нөмірі 2016/1057.1
  20. Туруспеков Е.К., Абугалиева С.И., Альмерекова Ш.С. Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы авторлық куәлік– «Қазақстан флорасының биоалуантүрлілігі» деректер базасы (№20035, 01.09.2021), http://www.kazflora.kz/.

2022 жылғы нәтижелер:

1. Salsola түрлерінің популяциясын жинау, олардың Қазақстандағы түрлерін және таралу аймақтарын анықтау, Salsola түрлерінің қатысуымен фитоценоздарды сипаттау жұмыстары басталды. Сырдария өзені алқабының шөлейтті бөлігінде экспедициялық сапарлар негізінде Salsola туысының S.arbuscula және S. orientalis түрлерінің қатысуымен немесе басымдылығымен 5-тен астам өсімдік қауымдастығы зерттелді. Жұмыстың осы кезеңінде S. arbuscula (бұта) және S. orientalis (жартылай бұта) түрлерінен 2 популяциядан жиналды.

2. ДНҚ-баркодтау технологиясын қолдана отырып, ядролық және хлоропластты геномдарының маркерлері негізінде Salsola туысы түрлерінің филогенетикалық байланыстарын талдау және зерттеу басталды.  Salsola түрінің 4 популяциясынан алынған 59 үлгіден  ДНҚ бөлініп алынды: S. arbuscula – 29 үлгі, S. orientalis – 30 үлгі.  Salsola туысы түрлеріне ДНҚ-баркодтау технологиясын қолдана отырып, филогенетикалық байланыстарды талдау басталды. Қазақстандық  Salsola 4 (S. arbuscula и S. orientalis) үлгісінің нуклеотидтер тізбегі NCBI деректер базасынан алынған үлгілермен сәйкестендірілді.  

3. Salsola туысы түрлерінен өсімдік шикізатын кептіру, ұнтақтау, әрі қарай зерттеу үшін сығындылар алу жұмыстары басталды.  Salsola өсімдіктерін дайындау үшін ұзындығы 15-30 см болатын гүлденген сүректенбеген жоғарғы бұтақтар кесіліп, ауалы-көлеңкелі жағдайда кептіріледі.   

 

2023 жылғы нәтижелер:

  1. Salsola түрлерінің популяциясын жинау, Қазақстанда таралған түрлері мен таралу ареалдарын анықтау, гербарийлерді ресімдеу және цифрландыру, Salsola түрлерінің қатысуымен фитоценоздарды сипаттау бойынша жұмыстар жалғастырылды. Экспедициялық сапарларда Salsola тұқымдасының S. arbuscula және S. orientalis түрлерінің қатысуымен немесе доминанттылығымен өсімдіктер қауымдастықтары зерттелді. Қауымдастықтар бір-бірінен түрлердің құрамымен ерекшеленді, бұл тіршілік ету ортасының әр түрлі факторларына байланысты: физикалық-географиялық (рельеф элементтері, топырақ, ылғалдандыру, тұздану және т.б.) және антропогендік (мал жаю, құрылыс және жөндеу жұмыстары, реттелмеген көлік қозғалысы және т. б. салдарынан бұзылған аумақтар). 2023 жылы Алматы, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында сораң тұқымдасы түрлерінің 20 популяциясының 323 өсімдік материалының үлгілері жиналды.
  2. ДНҚ-баркодтау технологиясы бойынша ядролық және хлоропласт геномдарының маркерлері негізінде Salsola тұқымдас түрлерінің филогенетикалық байланыстарын филогенетикалық талдау және зерттеу жалғастырылды. Сораң (Salsola) түрлерінің популяция үлгілерінің ДНҚ үлгілерін бөліп алу және тазарту жалғасуда. Әрбір Salsola үлгісінің бөлінген ДНҚ-сы одан әрі молекулалық-генетикалық зерттеулер үшін 100 нг/мкл жұмыс концентрациясына дейін сұйылтылды. 2023 жылы NCBI халықаралық дерекқорына келесі 7 түрлердің үлгілерінің ITS маркерінің нуклеотидтік тізбектері жүктелді S. arbusculiformis (EN352578), S. arbuscula (EN352579, EN352580), S. tragus (EN352581, EN352582) және S. nitraria (EN352583, EN352584). matK маркеріне сәйкес келесі түрлердің 4 үлгісі жүктелді S. arbusculiformis (EN487138), S. arbuscula (EN487139), S. tragus (EN487140) және Salsola nitraria (EN487141). 5 түр үлгілері rbcL маркері бойынша NCBI сақтауына енгілізілген S. arbuscula (OR426820), S. tragus (OR426821), S. nitraria (OR426822, OR426823) және S. orientalis (OR426824).
  3. Жаңа геномдық технологияларды қолдану негізінде салсола түрлерінің хлоропласт геномының реттілігінің полиморфизмін зерттеу жұмыстары басталды. Сондай-ақ хлоропласт геномының реттілігі негізінде Salsola түрлерінің филогенетикалық байланыстарын талдау жұмыстары басталды. 2023 жылы Illumina NovaSeq 6000 платформасында S. orientalis және S. nitraria қазақстандық сораң түрлерінің хлоропласт геномдарын секвенирлеу басталды. Қазақстандық Salsola түрлерінің хлоропласт геномдарының нуклеотидтер тізбегін NCBI халықаралық деректер базасына сақтау жұмыстары басталды. 2023 жылы S. orientalis және S. nitraria сораң түрлерінің хлоропласт геномдарын секвенирлеу басталды, олардың аннотацияланған хлоропласт геномдары сәйкесінше EN551471 және EN552116 тіркеу нөмірлерімен NCBI-ге жүктелді.
  4. Қазақстандық Salsola түрлерінің макро- және микроэлементтік құрамы мен антиоксиданттық белсенділігін зерттеу жалғастырылды. Әрі қарай зерттеу үшін өсімдік материалын кептіру, ұнтақтау және сығындылар алу жұмыстары жалғастырылды. Salsola түрлерінің жер үсті бөлігінің макро- және микроэлементтік құрамы туралы мәліметтер алу жұмыстары басталды. Salsola түрлерінің сығындыларының антиоксиданттық белсенділігін зерттеу жұмыстары басталды. 2023 жылы сығындылардың антиоксиданттық белсенділігі бойынша S. nitraria, S. arbuscula және S. tragus түрлері зерттелді. 2023 жылы жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша S. tragus үлгісінде максималды антиоксиданттық белсенділік байқалғаны анықталды.

 

Рецензияланатын шетелдік басылымдардағы мақалалар:

Осмонали Б. Б., Ермагамбетова М. М., Альмерекова Ш. С. Особенности видового состава фитоценозов с доминированием и участием видов рода Salsola L. в пустынных и полупустынных регионах Казахстана // Проблемы ботаники Южной Сибири и Монголии. – 2023. – Т. 22. – №. 1. – С. 251-258.

 

2024 жылғы нәтижелер:

  1. Salsola түрлерінің популяциясын жинау, олардың Қазақстанда таралу түрлері мен ареалдарын анықтау, гербарийлерді ресімдеу және цифрландыру, Salsola түрлерінің қатысуымен фитоценоздардың сипаттамасы аяқталды. Salsola түрлерінің популяциясы батыс, оңтүстік-шығыс және Орталық Қазақстан өңірлерінде жиналды. Жиналған өсімдік материалы молекулалық-генетикалық зерттеулер үшін пайдаланылды. Сондай-ақ, гербарий материалы әр жиналған Salsola түрлері үшін дайындалып, цифрландырылды.
  2. ДНҚ-баркодтау технологиясы бойынша ядролық және хлоропласт геномдарының маркерлері негізінде Salsola тұқымдас түрлерінің филогенетикалық байланыстарына талдау жүргізілді. Ядролық және хлоропласт геномдарының маркерлері ретінде сәйкесінше ITS (internal transcribed spacers, ішкі транскрипцияланатын аралық) және matK (Maturase K), rbcl (Ribulose bisphosphate carboxylase large chain) пайдаланылды. Филогенетикалық ағашты құру үшін ITS, matK, және rbcl маркерлерінің теңестірілген нуклеотидтер тізбегі және Neighbor-joining әдісі қолданылады. Қазақстандық сораңдардың ITS, matK, және rbcL маркерлерінің нуклеотидтер тізбегі NCBI дерекқорынан 36 сораң үлгілерімен және 3 сыртқы топ түрімен (Atriplex calotheca, Atriplex lentiformis, және Atriplex buchananii) теңестірілді. Neighbor-joining әдісімен салынған филогенетикалық ағаш үлгілерді екі негізгі кластерге біріктірді, олардың әрқайсысы өз кезегінде бірнеше ішкі кластерлерге бөлінді.
  3. Жаңа геномдық технологияларды қолдану негізінде Salsola түрлерінің хлоропласт геномының реттілік полиморфизмін зерттеу жұмыстары аяқталды. S. affinis (Pyankovia affinis) және S. richteri (Xylosalsola richteri) түрлерінің хлоропласт геномдарының нуклеотидтер тізбегінің реттілігі Illumina NovaSeq 6000 платформасында жүргізілді. S. affinis (Pyankovia affinis) және S. richteri (Xylosalsola richteri) түрлерінің толық пластидті геномдарының мөлшері сәйкесінше 151 239 н.ж. және 151 177 н.ж. болды. Зерттелген әрбір хлоропласт геномында 133 ген аннотацияланған, олардың 114 және 19-ы сәйкесінше бірегей және қайталанатын. Бірегей гендердің ішінде 80 ақуыз кодтайтын гендер, 30 тРНҚ, және 4 рРНҚ гендер. Қайталау аймақтарында жеті тРНҚ гені, 8 протеинді кодтайтын гендер инверттелген қайталанатын ретінде анықталды. 114 бірегей геннің ішінде 17-де интрондар бар, соның ішінде 6 тРНҚ гені және 11 ақуыз кодтайтын ген. Сондай-ақ, зерттелген сораң түрлерінің хлоропласт геномының нуклеотидтік тізбектерінде қарапайым қайталанатын тізбектер (SSR) анықталды.
  4. Қазақстандық Salsola түрлерінің макро — және микроэлементтік құрамы мен антиоксиданттық белсенділігін зерттеу аяқталды. Salsola arbusculiformis (Oreosalsola arbusculiformis) және Salsola affinis (Pyankovia affinis) түрлерінің өсімдік материалы макро — және микроэлементтік құрамы мен антиоксиданттық белсенділігі бойынша зерттелген. Сондай-ақ, Salsola arbusculiformis (Oreosalsola arbusculiformis) және Salsola affinis (Pyankovia affinis) түрлері антиоксиданттық белсенділікпен зерттелді және сәйкесінше 0,373±0,104 және 0,179±0,040 көрсетті. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша (2022-2024) S. arbusculiformis үлгісінде максималды антиоксиданттық белсенділік байқалды.

 

Web of Science және (немесе) Scopus дерекқорларында индекстелетін рецензияланатын шетелдік ғылыми басылымдардағы жарияланымдар тізімі

  1. Almerekova S., Yermagambetova M., Osmonali B., Vesselova P., Abugalieva S., Turuspekov Y. Characterization of the Plastid Genomes of Four Caroxylon Species from Kazakhstan // Plants. – 2024. – Vol. 13(10). – P. 1332. https://doi.org/10.3390/plants13101332 (IF= 4.4, Q1 Plant Sciences; SJR= 0.795, percentile: 86 — Agricultural and Biological Sciences).
  2. Almerekova S., Yermagambetova M., Osmonali B., Vesselova P., Turuspekov Y., Abugalieva S. Complete Plastid Genome Sequences of Four Salsoleae s.l. Species: Comparative and Phylogenetic Analyses // Biomolecules. – 2024. – Vol. 14(8). – P. 890. https://doi.org/10.3390/biom14080890 (IF= 5.4, Q1 Biochemistry and Molecular Biology; SJR= 1.179, percentile: 84 — Biochemistry, Genetics and Molecular Biology).

 

БҒССҚК ұсынылған рецензияланатын шетелдік немесе отандық басылымдағы мақалалар:

Vesselova P.V., Alikhanova A.A. Anatomical structure of assimilative organs in dominant species of the family Chenopodiaceae (Amaranthaceae s.l.) // Experimental Biology. №3 (100) – 2024. – P. 19-32. https://doi.org/10.26577/bb.2024.v100.c3.02

Каталог

Туруспеков Е.К., Иманбаева А.А., Альмерекова Ш.С., Ермагамбетова М.М., Абугалиева С.И. «Каталог эндемичных, редких, исчезающих и дикорастущих хозяйственно-ценных видов растений Казахстана. 2. Западный Казахстан» – Алматы, 2024. – 127 с.

 

Халықаралық конференциялардағы тезистер:

  1. Almerekova S., Yermagambetova M., Osmanali B., Vesselova P., Abugalieva S., Turuspekov Y. Comparative characterization of the plastid genome sequences of four Caroxylon species from Kazakhstan // «International Conference on Plant Biology and Biotechnology (ICPBB 2024)»: Халықаралық конференция материалдары / ред. Е.К. Туруспеков, С.И. Абугалиева. – Алматы: ИББР, 2024 – 34 б.
  2. Almerekova S., Yermagambetova M., Abugalieva S., Turuspekov Y. The complete plastome sequences of Caroxylon Moq. (Chenopodiaceae Vent.) species from Kazakhstan // XX Халықаралық ботаникалық Конгресс Мадрид 2024 (XX International Botanical Congress Madrid 2024): Тезистер жинағы. Постерлер. — Мадрид: Испания, 2024 – 714-715 ББ.

 

Конференциялардағы баяндамалар: (баяндама нысанын көрсете отырып)

  1. Альмерекова Ш.С. – «International Conference on Plant Biology and Biotechnology (ICPBB 2024)», халықаралық практикалық конференциясында постерлік баяндама, Алматы, Қазақстан, 2024. Best Poster Award номинациясында бірінші орын.
  2. Абугалиева С.И. – ХХ Халықаралық Ботаникалық Конгресте постерлік баяндама, Мадрид, Испания, 2024.

 

Кадрларды даярлау

диссертацияларды қорғау, PhD, магистрлік диссертацияларды басқару (ізденушінің Т. А. Ә., ЖОО, дәрежесі, тақырыбы, мамандығы, мамандық шифры)

Осмонали Б., Әл-Фараби ҚазҰУ, PhD-докторантура (2020-2023 ж.ж.), «Геоботаника» мамандығы бойынша «Комплексные исследования сем. Chenopodiaceae Vent. (Amaranthaceae Juss.) флоры пустынной части долины р. Сырдарьи» тақырыбында диссертация қорғады. (жетекшісі – б.ғ.к., Веселова П. В., диплом нөмірі PhD00011655624).