Жоба туралы қысқаша ақпарат
(2022-2024 ж.ж.)
Жобаның атауы: ЖТН AP14870612 «Қазақстанда өсетін Tulipa L. туысы түрлерінің генетикалық алуантүрлілігін зерттеу».
Өзектілігі. Tulipa L., көпжылдық геофитті даражарнақтылар тобы, Liliaceae тұқымдасының ең ірі туыстарының бірі, дүние жүзінің көптеген аймақтарында жоғары шаруашылық, гүл өсіру, экологиялық маңыздылығы, мәдени құндылығы бар. Түрлердің көпшілігі таулы аймақтарда, 17 түрі дала зонасында және оған жақын шөлдер мен шөлейттерде өседі. Түрлердің көп бөлігі антропогендік әсерге ұшыраған, Қазақстанның Қызыл кітабына 18 түрі енгізілген. Биоинформатиканы тарта отырып, заманауи молекулалық-генетикалық және геномдық технологияларды пайдалану дәстүрлі ботаникалық әдістермен қатар таксономияны нақтылауға және жабайы өсімдік түрлерінің филогенетикалық және эволюциялық байланыстарын зерттеуге.
Жобаның мақсаты: Қазақстандағы жабайы қызғалдақ түрлерінің түрішілік және түраралық генетикалық алуантүрлілігін SSR-маркерлерін қолдану арқылы зерттеу, жаңа буынның геномдық технологияларын пайдалана отырып, ДНҚ-баркодтау маркерлерінің нуклеотидтік тізбектері мен хлоропласттық геномдар бойынша түрлердің филогенетикалық байланыстарын, сондай-ақ қызғалдақтардың кең таралған түрлерінің фитохимиялық ерекшеліктерін анықтау.
Күтілетін нәтижелер:
- Қызғалдақ түрлерінің популяциясы жиналады, олардың түрлері анықталып, гербарийлер дайындалады және цифрленеді.
- Хлоропласт геномдарының генетикалық алуантүрлілігіне негізделген Tulipa түрлерінің филогенетикалық байланыстары зерттеледі
- Ядролық және хлоропластты геномдар маркерлері арқылы Tulipa туысының филогенетикалық байланыстары талданады.
- Қазақстанның Tulipa түрлерінің түрішілік және түраралық генетикалық алуантүрлілігінің деңгейі зерттеледі, популяциялардың құрылымы анықталады.
- Қызғалдақтың кең таралған түрлері екіншілік метаболиттер бойынша зерттеледі.
- «Қазақстан флорасының биоалуантүрлілігі» деректер базасы ботаникалық жинақтар бойынша, хлоропласт геномдарының депозиттелген нуклеотидтер тізбегінің молекулалық-генетикалық деректері және Tulipa туысы түрлерінің ДНҚ-баркодтау деректері бойынша толықтырылады.
Жобаның ғылыми жетекшісі: Абугалиева С.И., бас ғылыми қызметкер, биология ғылымдарының докторы, профессор. 2017-2022 ж.ж. 40 ғылыми мақаланың, оның ішінде Web of Science (https://www.webofscience.com/wos/author/record/2577530) және/немесе Scopus (H-index=8, https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=6507029042) индекстелетін рецензияланған шетелдік ғылыми журналдарда 29 мақала, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (БҒССҚК) ұсынған журналдардағы 11 мақаланың бірлескен авторы.
Зерттеу тобының мүшелері:
Туруспеков Е.К., б.ғ.к., профессор, молекулалық генетика зертханасының меңгерушісі. WOS дерекқорында (https://www.webofscience.com/wos/author/record/1523020) және/немесе Scopus (H-index 14, https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57197860996), 2017-2022 ж.ж. 27 мақала) базасында CiteScore бойынша процентилі бар индекстелген рецензияланған халықаралық басылымдардағы 40 мақаланы қоса алғанда, >100 ғылыми жарияланымы бар; БҒССҚК басылымдарында 41 мақала, 4 монографияның, 4 ғылыми-әдістемелік ұсынымның, мәліметтер базасының бірлескен авторы.
Альмерекова Ш.С., аға ғылыми қызметкер, PhD-доктор (2018, геоботаника). 35 ғылыми еңбектің, 12 мақала, оның ішінде Web of Science (H-index=4, https://www.webofscience.com/wos/author/record/9617158) және Scopus (H-index=4, https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57196952712) индекстелген рецензияланған басылымдарда 7 мақала және ҚР БҒМ БҒССҚК журналдарында 7 мақаланың бірлескен авторы
Амалова А.Ы., магистр (геоботаника), ғылыми қызметкер, Scopus/WoS 5 мақала (H-index 2, https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57213623570) және БҒССҚК 3 мақаланың бірлескен авторы.
Ермагамбетова М.М., магистр, PhD-докторант, кіші ғылыми қызметкер, Scopus/WoS 1 мақаласы бар.
Подзорова Т.С., бакалавр, ӨББИ лаборанты, әл-Фараби ат. ҚазҰУ 2-жыл магистранты, ORCID ID 0000-0002-9521-5754.
2017-2022 жылдардағы жоба орындаушыларының жарияланымдары мен патенттерінің тізімі:
- Abugalieva S., Volkova L., Genievskaya Y., Ivaschenko A., Kotukhov Y., Sakauova G., Turuspekov Y. (2017). Taxonomic assessment of Allium species from Kazakhstan based on ITSand matK markers. BMC Plant Biology (IF=4.96, квартиль-Q1; SJR=1.378, процентиль-87), 17(2), 51-60. doi: 10.1186/s12870-017-1194-0;
- Turuspekov Y., Genievskaya Y., Baibulatova A., Zatybekov A., Kotuhov Y., Ishmuratova M., Imanbayeva A., Abugalieva S. (2018). Phylogenetic taxonomy of Artemisia L. species from Kazakhstan based on matK analyses. Proceedings of the Latvian Academy of Sciences. Section B: Natural, Exact, and Applied Sciences (Latvia) (SJR=0.168, процентиль-39), 72(1), 29. https://doi.org/10.1515/prolas-2017-0068
- Almerekova S., Mukhitdinov N., Abugalieva S. (2017). Phylogenetic study of the endemic species Oxytropis almaatensis (Fabaceae) based on nuclear ribosomal DNA ITS sequences. BMC Plant Biology (IF= 4.96, квартиль-Q1; SJR=1.378, процентиль-87), 17(1), 1-9. https://doi.org/10.1186/s12870-017-1128-x
- Almerekova S., Shchegoleva N., Abugalieva S., Turuspekov Y. (2020). The molecular taxonomy of three endemic Central Asian species of Ranunculus (Ranunculaceae). PloS one (IF=3.788, квартиль-Q2; SJR=0.990, процентиль-92), 15(10), e0240121. https://doi.org/10.1371/journal.pone.024012;
- Almerekova, S., Abugalieva, S.*, Mukhitdinov, N. (2018). Taxonomic assessment of the Oxytropis species from South-East of Kazakhstan. Vavilovskii Zhurnal Genetiki i Selektsii= Vavilov Journal of Genetics and Breeding. (SJR=0.188, процентиль-38), 22(2), 285-290.
- Genievskaya Y., Abugalieva S., Zhubanysheva A., Turuspekov Y. (2017). Morphological description and DNA barcoding study of sand rice (Agriophyllum squarrosum, Chenopodiaceae) collected in Kazakhstan. BMC Plant Biology (IF=4.96, квартиль-Q1; SJR=1.378, процентиль-87), 17(1), 1-8. https://doi.org/10.1186/s12870-017-1132-1;
- Özek G.; Schepetkin I.A.; Yermagambetova M.; Özek T.; Kirpotina L.N.; Almerekova S.S.; Abugalieva S.I.; Khlebnikov A.I.; Quinn M.T. (2021) Innate Immunomodulatory Activity of Cedrol, a Component of Essential Oils Isolated from Juniperus Species. Molecules (IF=4.588, квартиль-Q2; SJR=0.990, процентиль-74), 26, 7644.
- Turuspekov Y., Abugalieva S., Ermekbayev K., Sato K. (2014). Genetic characterization of wild barley populations (Hordeum vulgare ssp. spontaneum) from Kazakhstan based on genome wide SNP analysis. Breeding Science, (IF= 2.63, квартиль–Q2; SJR=0.799, процентиль-74) 64(4), 399-403.
- Sumbembayev A., Abugalieva S., Danilova A., Matveyeva E., Szlachetko D. (2021). Flower morphometry of members of the genus Dactylorhiza Necker ex Nevski (Orchidaceae) from the Altai Mountains of Kazakhstan. Biodiversitas Journal of Biological Diversity (SJR=0.257, процентиль-40), 22(8). https://doi.org/10.13057/biodiv/d220855
- Almerekova S., Favarisova N., Turuspekov Y., Abugalieva S.* (2020). Cross-Genera Transferability of Microsatellite Markers and Phylogenetic Assessment of Three Salsola Species from Western Kazakhstan. Proceedings of the Latvian Academy of Sciences. Section B: Natural, Exact, and Applied Sciences (Latvia) (SJR=0.168, процентиль-39), 74 (5), 325-334. https://doi.org/10.2478/prolas-2020-0049.
- Амалова А., Курманбаева М., Туруспеков Е., Иващенко А., Абидкулова, К. (2018). Іле Алатауындағы Tulipa оstrowskiana Regel ценопопуляцияларының онтогенетикалық құрылымы. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 56(3), 101-114.
- Favarisova, N., Kusmangazinov A., Karelova D., Yermagambetova M., Abugalieva S.I. 2020. Optimization of PCR Conditions for Agriophyllum, Haloxylon and Salsola Microsatellite Markers. International Journal of Biology and Chemistry 13 (1):57-68. https://doi.org/10.26577/ijbch.2020.v13.i1.06.
- Оразов А.Е., Мухитдинов Н.М., Мырзагалиева А.Б., Туруспеков Е.К., Шрамко Г., Кубентаев С.А. Нарым жотасының аумағында Amygdalus ledebouriana Schlecht. ценопопуляцияларының таралуы мен сипаттамасы // әл-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы., Биология сериясы (IF=0.043). 2019. №1(78). 36-45 б. DOI: https://doi.org/10.26577/eb-2019-1-1401
- Туруспеков Е.К., Абугалиева С.И., Альмерекова Ш.С. Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы авторлық куәлік– «Қазақстан флорасының биоалуантүрлілігі» деректер базасы (№20035, 01.09.2021), http://www.kazflora.kz/.
2022 жылғы нәтижелер:
1. Қазақстанда өсетін Tulipa түрлерінің қолда бар популяцияларының ДНҚ бөлу және тазарту жұмыстары басталды. Жобаның осы кезеңінде Қазақстанда өсетін қызғалдақ түрлерінің 6 популяциясының 110 үлгісінен ДНҚ бөлініп алынды.
2. Tulipa туысы түрлерінің ядролық геномының ITS маркерлерінің нуклеотидтік тізбегін анықтау және сақтау бойынша жұмыстар басталды. NCBI (National Center for Biotechnology Information) халықаралық деректер базасына Tulipa туысы түрлерініңядролық геномының ITS маркерлерінің нуклеотидтер тізбегін сақтау жұмыстары басталды.
3. Қазақстандағы эндемдік, сирек және жойылып бара жатқан Tulipa қызғалдақ түрлерінің түрішілік және түраралық генетикалық алуантүрлілігін SSR-маркерлерін пайдалана отырып зерттеу, популяцияларының құрылымын анықтау бойынша жұмыстар басталды. Қызғалдақтардың SSR-маркерлері үшін ПТР шарттары праймерді қыздыру температурасымен, ПТР реакция қоспасындағы dNTPs (дезоксинуклеозидтрифосфаттар) және Mg2+ концентрациялары бойынша оңтайландырылды. Алынған нәтижелер қызғалдақтардың эндемдік, сирек және жойылып бара жатқан түрлері популяцияларының генетикалық алуантүрлілік деңгейін зерттеу үшін пайдаланылады.