AP 23488116 (жетекшісі Мурсалиева В.К.)

Жоба туралы қысқаша ақпарат

(2024-2026 ж.ж.)

 

Жобаның атауы: ЖТН AP23488116 «Бактерицидтік және фунгицидтік әсері бар өсімдіктерді қорғайтын жаңа биологиялық өнімдерді жасау үшін Қазақстан флорасындағы құрамында сапонині бар өсімдіктерді (Caryophyllaceae) зерттеу».

Өзектілігі. Қазіргі уақытта органикалық өндірісті дамыту өсімдіктерді қорғау үшін адам мен қоршаған орта үшін халықаралық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін биологиялық агенттерді немесе биопестицидтерді пайдалануды қарастырады. Сапониндердің патогендік микроорганизмдердің кең спектрінен қорғаныш рөлі және олардың жоғары биологиялық белсенділігі оларды биопестицидтерді алудың перспективалы табиғи негізі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Қазақстанның бірегей флорасы табиғи қосылыстар негізінде отандық биопрепараттар жасауға арналған құрамында сапонин бар ерекше өсімдіктерді қамтиды.

Жобаның мақстаы: Жергілікті флораның перспективті (келешегі бар) сапонині бар өсімдіктерінің бактерицидтік және фунгицидтік қасиеттерін зерттеу және олардың негізінде өсімдіктерді қорғаудың жаңа отандық биологиялық өнімнің ғылыми-әдістемелік негізін әзірлеу.

Күтілетін нәтижелер:

1) Қазақстан флорасындағы құрамында сапонині бар өсімдіктер негізінде жаңа отандық биологиялық өсімдіктерді қорғайтын өнімдерді шығарудың ғылыми-әдістемелік негіздері;

2) бактерицидтік және фунгицидтік әсерлері бар тиімді фитосығындылардың тәжірибелік үлгілері;

3) өсімдіктерді қорғаудағы жаңа экологиялық таза заттардың табиғи көздері болып табылатын құрамында сапонині бар өсімдіктердің биопестицидтік қасиеттерін зерттеу және қолдану бойынша ғылыми-тәжірибелік нұсқаулық;

4) бактерицидтік және фунгицидтік әсері бар сапонин сығындыларын алу әдісіне патент.

Жобаның ғылыми жетекшісі:

Мурсалиева Валентина Кадаматовна, жетекші ғылыми қызметкер, биология ғылымдарының кандидаты, Өсімдіктер физиологиясы мен биохимиясының бас маманы. Мурсалиева В. К.8 жобаның ғылыми жетекшісі (2000-2023 жж. кезеңінде), «Фитохимия» ХҒПХ АҚ-мен (2012-2014 жж.), Маңғышлақ эксперименттік Ботаникалық бағымен (2018-2020 жж.), ботаника және фитоинтродукция институтымен (2021 ж.) ҒТП шеңберінде жауапты орындаушы болды. 6 ғылыми-әдістемелік ұсынымның, 12 Республикалық патенттің, 85-тен астам ғылыми мақаланың, оның ішінде Web of Science деректер базасында индекстелетін рецензияланатын халықаралық журналдардағы 9 мақаланың авторы (https://app.webofknowledge.com/author/record/12173077, 41802049) және / немесе Scopus базасында (h-index 3, Scopus Author ID: 55428004100, ORCID ID: 0000-0003-4803-9169).

Зерттеу тобының мүшелері:  

Гемеджиева Н.Г., жетекші ғылыми қызметкер, биология ғылымдарының докторы, профессор 80-нен астам жарияланымға ие, оның ішінде Web of Science (Researcher ID: AAQ-4741-2020, H-index 5) және/немесе Scopus (Author ID: 55498326000) дерекқорларында индекстелген шетелдік басылымдарда 12 мақала бар.

Джакибаева Г.Т., жетекші ғылыми қызметкер, биология ғылымдарының кандидаты, 50-ден астам ғылыми жарияланымдары бар, оның ішінде Web of Science және Scopus дерекқорларында индекстелген шетелдік басылымдағы мақала (Researcher ID: JQT-8300-2023, H-index 1, ORCID 0000-0001-9662-6531).

Турашева С. К., аға ғылыми қызметкер, 70-тен астам жарияланымның авторы, оның ішінде 2 монография, 8 оқу-әдістемелік басылым, 3 патент, Web of Science және Scopus дерекқорларында индекстелетін шетелдік басылымдардағы 7 мақала (Researcher ID: AAE-9759-201, , Scopus Author ID 57205564813, H-index 4, ORCID 0000-0001-9983-8601).

Беркімбай Х.Ә., ғылыми қызметкер, 15 жарияланымның авторы, оның ішінде ҚР БҒМ БҒСБК журналдарындағы 5 мақала, Web of Science деректер базасында индекстелетін шетелдік басылымдардағы 2 мақала (Researcher ID: ААР-8113-2020, H-index 2, ORCID 0000-0003-2566-8536).

Мұханов Т.М., ғылыми қызметкер, 7 жарияланымы бар, оның ішінде 2 патент, Web of Science және/немесе Scopus дерекқорларында индекстелген шетелдік басылымдарда 3 мақала (ResearcherID: JCO-2629-2023, H-index 2, Scopus Author ID 58193281000, ORCID 0000-0002-7590-769x).

Алғазы А., кіші ғылыми қызметкер, магистр, 4 жарияланымы бар, ҚР патентінің тең авторы, Web of Science деректер базасында индекстелетін шетелдік журналдағы мақала (Q2, Researcher ID: IRH-4322-2023, H-index 1, ORCID 0000-0001-5883-9800) бар.

 2018-2023 жылдардағы жоба орындаушыларының жарияланымдары мен патенттерінің тізімі.

  1. Mursaliyeva V.K., Sarsenbek B.T., Dzhakibaeva G.T., Mukhanov T.M., Mammadov R. Total content of saponins, phenols and flavonoids and antioxidant and antimicrobial activity of in vitro culture of Allochrusa gypsophiloides(Regel) Schischk compared to wild plants // Plants Basel, 2023, 12 (20),   Web of Science (WOS) i.f. 4,5, Q1, Scopus pr. 83. https://doi.org/10.3390/plants12203521
  2. Mursaliyeva V., Algazy A., Satybaldiyeva D., Mukhanov T.Obtaining of adventitious roots culture of Allochrusa gypsophiloides: saponins-bearing endemic rare species // Plant Biotechnology Reports, 2023, 17(3), 421-425. WOS i.f. 2,4, Q2, Scopus pr. 69. https://doi.org/10.1007/s11816-023-00836-7
  3. Мурсалиева В.К., Муханов Т.М., Гемеджиева Н.Г., Ескалиева Б.К. Фитохимический анализ и биологическая активность экстрактов туркестанского мыльного корня Allochrusa gypsophiloides (Regel) Schischk, произрастающего на юге Казахстана // Химия растительного сырья (Khimiya Rastitel’nogo Syr’ya). 2023, N.3, с.183-191. Scopus pr. 10 Q4. DOI: 10.14258/jcprm.20230311993.
  4. Мурсалиева В.К., Алгазы А.Т., Сатыбалдиева Д.Н., Муханов Т.М. Культура in vitro адвентивных корней туркестанского мыльного корня Allochrusa gypsophiloides (Regel) Schischk // Вестник КазНУ. Серия биологическая. 2023, 94(1), с. 25-39. URL: https://doi.org/10.26577/eb.2023.v94.i1.03
  5. Mursalıyeva V., Algasy A., Mukhanov T., Mammadov R. & Gemejiyeva N. Quantitative Determination of Metabolites of Turkestan Soaproot (Allochrusa gypsophiloides (Regel) Schischk.) Grown in Kazakhstan. International Journal of Nature and Life Sciences, 2022, 6 (2), 129-141.URL: https://doi.org/10.47947/ijnls.1180197
  6. Mursaliyeva V., Imanbayeva A., Parkhatova R. Seed germination of Allochrusa gypsophiloides (Caryophyllaceae), an endemic species from Central Asia and Kazakhstan. Seed Science and Technology, 2020, 48(2):289-295. WOS i.f. 0,5, Q4, Scopus pr. DOI: https://doi.org/10.15258/sst.2020.48.2.15
  7. Mursaliyeva V., Imanbayeva A. Micropropagation of Turkestan Soap Root Allochrusa gypsophiloides – natural source of saponins. International Journal of Secondary metabolite, 2020, 7(1):1-7. https://doi.org/10.21448/IJSM.627140
  8. Zhumaliyeva G, Zhussupova A, Zhusupova GE, Błońska-Sikora E, Cerreto A, Omirbekova N, Zhunusbayeva Z, Gemejiyeva N, Ramazanova M, Wrzosek M, et al. Natural Compounds of Salvia Genus and Molecular Mechanism of Their Biological Activity. Biomedicines. 2023; 11(12):3151. WOS i.f. 3,9, Q2, Scopus pr. 74, https://doi.org/10.3390/biomedicines11123151.
  9. Dzhakibayeva G., Sadanov A., Ismailova Е., Baimahanova B., Molzhigitova А., Baimahanova G., Shemshura O., Tleubekova D., Elubaeva А. Evaluation of the inhibitory activity of collection yeast cultures against the causative agent of bacterial burn Erwinia amylovora. Microbiology and Virology, 2023, 2(41), 173–182. https://doi.org/10.53729/MV-AS.2023.02.11
  10. Патент РК на полезную модель № 7649. Способ получения культуры адвентивных корней туркестанского мыльного корня Allochrusa gypsophiloides в условиях in vitro. 2022. Мурсалиева В.К., Алғазы А.Т., Муханов Т. М., Сәрсенбек Б.Т.

 2024 жылғы нәтижелер:

Алматы облысының Балқаш және Еңбекшіқазақ аудандарының аумағында жүргізілген экспедициялық зерттеулер кезінде Caryophyllaceae тұқымдастың сапонинді өсімдік түрлерінің табиғи популяцияларының қазіргі жағдайына ботаникалық талдау жасалды. Бала Бөгеті тауларының етегінде, Қонаев қаласы мен Бақбақты ауылының шөлейтті аймағында, Бартоғай су қоймасының маңында өсетің Acanthophyllum C.A.Mey мен Gypsophila L. туысының 3 түрінің табиғи популяциясы анықталды. G.paniculata және G.perfoliata – тұтас жапырақты-зығыр және карелиндік-шөп-софора қауымдастығын, ал A.pungens популяциясы шикізат тығыздығы 0,2 экз/м2 (0,9га) Бала Бөгеті аймағында сексеуіл-тікенді-жусанды өсімдіктер қауымдастығын құрды. Орналасу координаттары анықталды және популяцияларға фитоценотикалық сипаттама берілді, тұқымдар мен бастапқы өсімдік шикізаттарының үлгілері жиналды. Зерттелген түрлерінің β-амиринтқатарына жататын тритерпендік сапониндердің табиғи көздері ретінде A.pungens>G.perfoliata>G.paniculata болашағы зор екендігін көрсетті. Сапониндердің көп мөлшері (27% дейін)-вегетациялық кезеңнің соңында A.pungens тамырларында; 14%-24% дейін G.perfoliata тамырларда гүлдену кезеңінде–жеміс берудің басталуы кезінде; гүлденген жер үсті бөлігінде -12,7%; G. paniculata  жеміс беру кезеңінде-ең үлкен тамыр үлгілерінде 14% көрсетті. Шикізатты дайындаудың оңтайлы мерзімі: жер асты мүшелерінің — тамыздың аяғы-қыркүйек, жеміс беру кезеңі-вегетациялық кезеңнің соңы, жер үсті бөлігі – шілде-тамыз, гүлдену фазасы.

Жарияланымдар (2024 ж.):

Mursaliyeva V.K., Mukhanov T.M. Adventitious roots culture of Allochrusa gypsophiloides: saponins-bearing rare species // The International conference of Plant Biology and Biotechnology. Almaty, 3-6 June 2024, p. 159. https://primerdigital.com/ICPBB2024/files/ABSTRACTS_BOOK.pdf

Mursaliyeva V.K., Mukhanov T.M. Establishment of in vitro culture and chemical composition of hexane extract of callus and regenerants of Niedzwedzkia semiretschenskia // 7th Symposium of Euroasian biodiversity. Erzurum Türkiye, 22-24 August, 2024, p.130. https://seabsymp.com/en/abstract-book/

Nurzhanova A.A, Mamirova A., Mursaliyeva V., Nurmagambetova A., Zhumasheva Z., Turdiyev T., Kushnarenko S., Ismailova E. In Vitro Approbation of Microbial Preparations to Shield Fruit Crops from Fire Blight: Physio-Biochemical Parameters //Plant Basel, 13 (11): 1431.   WOS, Q1, процентиль Scopus 85. https://doi.org/10.3390/plants13111431.