11 сәуірде наурыз және ғылым күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекені өткізуге институт зертханалары, кәсіподақ, жас ғалымдар кеңесі және әкімшілік белсенді қатысты. Институттың бас директоры Қабыл Жапарұлы Жамбакин, сондай-ақ зертхана меңгерушілері қызметкерлердің ғылыми жетістіктерін атап өтіп, ұжымды құттықтады. Молекулалық генетика зертханасының меңгерушісі, профессор Туруспеков Ерлан Кеңесбекұлын «Құрмет» орденімен марапаттаумен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігі шешімі бойынша пәтер бөлінген
Ғылым қызметкерлерінің күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ғалымдармен кездесіп, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Іс-шара соңында Президент бір топ ғалымды мемлекеттік наградамен марапаттады, сондай-ақ бірқатар жас ғалымға баспана кілті берілді. Марапатталғандардың қатарында Өсімдіктердің биологиясы және биотехнология институтының үш қызметкері бар екенін зор қанағаттанушылықпен және мақтанышпен хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, молекулалық генетика
ТДМ (Тұрақты даму мақсаттары) бағдарламасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биотехнология кафедрасының «Биологиялық инженерия» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері мен ҚР ҒЖББМ Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының (ӨББИ) ғылыми қызметкерлерімен бірге кездесу ұйымдастырылды. Институт өсімдік биотехнологиясы саласындағы көшбасшылардың бірі болып табылады және ауылшаруашылық өсімдіктерін экономикалық құнды белгілері бойынша жақсарту, вирустық ауруларға төзімді өсімдіктерді алу, Қазақстанның сирек кездесетін өсімдіктері мен эндемиктерінің
2025 жылдың 7 наурыз күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде Халықаралық әйелдер күніне орай өткен мерекелік іс-шара барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жас ғалымдарға пәтердің кілтін табыс етті. Бұл жүмыс мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен жас ғалымдарға қолдау көрсету, олардың әлеуметтік мәртебесін арттыру және ғылымға жас кадрлардың келуін ынталандыру мақсатында жүзеге асырылып отыр. Марапатталғандардың қатарында —
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылдың 24 ақпандағы № 237 бұйрығымен Утеулин Кайрат Ризабековичке 10500 – Биологиялық ғылымдар ғылыми бағыты бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
ҚР ҒЖБМ жыл сайынғы 2024 жылғы «Үздік ғылыми қызметкер» конкурсының қорытындысы шығарылды. Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі № 103-VIII ҚРЗ «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің тарапынан ғалымдарды қолдаудың кезекті шарасы жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығын тағайындау болды. Ол ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдарды, ғылыми қызметкерлерді
Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институтының қызметкерлері жыл сайын мемлекеттік ғылыми стипендиялар беру конкурсына белсенді қатысады. Биыл байқаудың жеңімпаздары 2 қызметкер болды («2024 жылғы ғылым саласындағы сыйлықтарды және мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау туралы» 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №591 бұйрығы): Сапахова Загипа Бейсенқызы– жетекші ғалымдарға арналған стипендия; Гениевская Юлия Анатольевна– жас ғалымдарға арналған стипендия. Әріптестерімізді ғылыми жетістіктерін жоғары бағалауымен
Жиналыста Бас директор Жамбакин Кабыл Жапарұлы 2024 жылдың қорытындысын шығарды, ұжымды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, ғылымдағы жоғары сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін алғысын білдірді. Іс — шара барысында отандық ғылымның дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдарды марапаттау өтті: «Ғылымға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі — Усенбеков Багдаулет Наубаевич; ҚР ҒЖБМ «Алғысы » — Турысбекова Л. С., Алтаева Н. А.,
Турдиев Тимур Туйгунович, гермоплазманы криосақтау зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы журналистік тергеу нәтижесінде және Ақсу ауылдық округінің Үлкен Ұйғыр ауданының әкімі Құрбаниязов Әділжанның ұсынысы бойынша Т. Т. Турдиев «Мәдениет» саласындағы сіңірген еңбегі үшін Қазақстанның Алтын кітабына құрметті азамат ретінде ұсынылып, жастарға үлгі болып, ғылымдағы еңбек жолын тарихтағы ең жарқын және табысты
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2024 жылғы 24 қазандағы № 934 бұйрығымен Альмерекова Шырын Семизбайқызына 10500 – Биологиялық ғылымдар ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.