2025 жылдың 7 наурыз күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде Халықаралық әйелдер күніне орай өткен мерекелік іс-шара барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жас ғалымдарға пәтердің кілтін табыс етті. Бұл жүмыс мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен жас ғалымдарға қолдау көрсету, олардың әлеуметтік мәртебесін арттыру және ғылымға жас кадрлардың келуін ынталандыру мақсатында жүзеге асырылып отыр.
Марапатталғандардың қатарында — Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институтының молекулалық биология зертханасының кіші ғылыми қызметкері Таскужина Айша Қайратқызы, оған 2 бөлмелі пәтер алуға сертификат берілді.
Ғылым жолындағы әрбір қадам – қажырлы еңбек пен үздіксіз ізденісті талап етеді. Ал мемлекет тарапынан жас ғалымдарды қолдауға бағытталған осындай бағдарламалар шабыт беріп, олардың болашаққа деген сенімін нығайтады. Жас ғалымдарымызға болашақта тек сәттілік тілейміз!