Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым Комитетінің Өсімдіктердің биологиясы және биотехнология институтының ұжымы молекулалық генетика зертханасының меңгерушісі, профессор Ерлан Кеңесбекұлы Тұрыспековты «Жер, ғарыш және коммуникация туралы» ғылым бөлімі, «Жаратылыстану ғылымдары» бағыты бойынша академик болып сайлануымен құттықтайды.
Бұл оқиға оның жетістіктерінің, жоғары кәсібилігінің және отандық ғылымның дамуына қосқан елеулі үлесінің лайықты мойындалуы болып табылады. Оның жаңа бағыттағы ғылыми-педагогикалық қызметі еліміздің биология және биотехнология саласындағы кадрлық ғылыми әлеуетін одан әрі нығайтуға және қазақстандық ғылымның әлемдік ғылыми қоғамдастықтағы имиджін арттыруға қызмет ететініне сенімдіміз. Ерлан Кеңесбекұлына мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат пен оптимизм, шығармашылық ойларын іске асыруда жаңа жаңалықтар мен табыстар тілейміз!