Лауазымға бос орын: бухгалтер

Бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу туралы

Хабарландыру

 

  1.  Мемлекеттік кәсіпорынның атауы: ҚР ҒЖБМ ҒК «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты» ШЖҚ РМК, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 45, тел.+77273947562, e-mail пошта: ipbb_kz@yahoo.com
  2. Бос лауазымның атауы: бухгалтер.
  3. Құжаттарды қабылдау уақыты мен күні: сағат 09-00 дан 18-00 дейін; 20.01.2025 жылдан 03.02.2025 жылға дейін.
  4. Конкурска қатысу үшін қажетті құжаттардың тізімі:  жеке куәлік, білімі туралы дипломдар, сотталмағандығы туралы анықтама, мекенжайы туралы анықтама, медициналық анықтама 075-нысан, түйіндеме.
Талаптар Міндетті (қажетті) Қосымша (қалауы)
Білімі Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім
      Кәсіби біліктілігі Білуге тиіс: бухгалтерлік есепті және шаруашылық қызметті талдауды ұйымдастыру жөніндегі заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік және нормативтік материалдарды; Бухгалтерлік есептің нысандары мен әдістері; Негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарының қозғалысына байланысты операцияларды құжаттамалық ресімдеу және бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету тәртібі; Ұйымның және оның бөлімшелерінің шаруашылық-қаржылық қызметін экономикалық талдау әдістері; Материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру тәртібі; Салық заңнамасы, бухгалтерлік есепті және шаруашылық қызметті талдауды жүзеге асыру үшін есептеу техникасын қолдану мүмкіндіктері, оны пайдалану тәртібі; Еңбек заңнамасы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария жөніндегі ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.  
    Жұмыс тәжірибесі Мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.  
     Лауазымдық міндеттері    Ұйымда бухгалтерлік есепті жүзеге асыру, шаруашылық қызметтің жай-күйін талдау және бақылау бойынша жұмыстарды орындайды; Түсетін ақшалай қаражаттарды, тауарлық-материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды есепке алуды және олардың қозғалысына байланысты операцияларды тиісті бухгалтерлік шоттарда уақтылы көрсетуді, шығыстар сметаларын орындауды, өнімді өткізуді (жұмыстар мен қызметтерді орындауды)жүзеге асырады; Бухгалтерлік есеп және есептілік деректері негізінде ұйымның және оның бөлімшелерінің шаруашылық-қаржылық қызметіне кешенді талдау жүргізеді; Қаржылық тәртіпті сақтауға, салықтарды және өзге де міндетті төлемдерді уақтылы төлеуге бағытталған іс-шараларды әзірлеуге қатысады; Балансты және өнімді өндіруге арналған қаражаттың кірістері мен шығыстары, бюджет қаражатын пайдалану, пайда туралы жедел жиынтық есептерді жасау үшін деректерді дайындайды; Реттелмеген есептеулермен және есеп айырысу операцияларының дұрыстығын бақылаумен байланысты қажетті жұмыстарды орындайды; Шоттардың жұмыс жоспарын, үлгілік нысандар көзделмеген шаруашылық операцияларды ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы құжаттардың нысандарын дайындау, сондай-ақ ішкі бухгалтерлік есептілік құжаттарының нысандарын әзірлеу, есепке алуды жүргізудің негізгі әдістері мен әдістерінің мазмұнын, бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясын айқындау жөніндегі жұмысқа қатысады; Ұйымдардың шаруашылық-қаржылық қызметі туралы бухгалтерлік есепті белгіленген мерзімде жасайды; Ұйымдар қызметінің шаруашылық операциялары мен қаржылық нәтижелері туралы мәліметтер базасын қалыптастыру, жүргізу және сақтау жөніндегі жұмысты орындайды; Деректерді өңдеу кезінде пайдаланылатын анықтамалық және нормативтік ақпаратқа өзгерістер енгізеді; Есептеуіш техниканың көмегімен шешілетін міндеттердің не олардың жекелеген кезеңдерінің экономикалық қойылымын қалыптастыруға қатысады, бухгалтерлік ақпаратты өңдеудің экономикалық негізделген жүйелерін құруға мүмкіндік беретін дайын жобаларды, алгоритмдерді, қолданбалы бағдарламалар пакеттерін пайдалану мүмкіндігін айқындайды; Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың озық тәжірибесін зерттейді.