МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ СТИПЕНДИЯЛАР БЕРІЛДІ

 

Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институтының қызметкерлері жыл сайын мемлекеттік ғылыми стипендиялар беру конкурсына белсенді қатысады.

Биыл байқаудың жеңімпазы PhD философия докторы, қауымдастырылған профессор, Гриценко Диляра Александровна болды («2025 жылғы ғылым саласындағы сыйлықтарды және мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау туралы» 2025 жылғы 29 желтоқсандағы №596 бұйрығы):

Оған талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия берілді.

Диляра Александровнаны ғылыми жетістіктерінің жоғары бағалануымен құттықтаймыз және оған табыс, шығармашылық өсу және жаңа жетістіктер тілейміз!