НАУРЫЗ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ КҮНІН МЕРЕКЕЛЕУ 11 СӘУІРДЕ ӨТТІ

11 сәуірде наурыз және ғылым күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Мерекені өткізуге институт зертханалары, кәсіподақ, жас ғалымдар кеңесі және әкімшілік белсенді қатысты.

Институттың бас директоры Қабыл Жапарұлы Жамбакин, сондай-ақ зертхана меңгерушілері қызметкерлердің ғылыми жетістіктерін атап өтіп, ұжымды құттықтады.

Молекулалық генетика зертханасының меңгерушісі, профессор Туруспеков Ерлан Кеңесбекұлын «Құрмет» орденімен марапаттаумен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігі  шешімі бойынша пәтер бөлінген жас ғалымдарды құттықтады: Таскужина А., Капытина А., Бахытұлы Қ.

Жас ғалымдар кеңесі мен кәсіподақ түрлі қызықты конкурстар мен жарыстар өткізуді ұйымдастырды, сондай-ақ іс-шара аясында Биология және биотехнология институты мен Ғылым күніне орайластырылған Ботаника және фитоинтродукция институтының қызметкерлері арасында спартакиада жеңімпаздарын марапаттау өтті.