24 қазан күні, Республика күні мемлекеттік мерекесі қарсаңында, Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институтында ғалымдардың қатысуымен салтанатты жиналыс өткізілді.
Іс-шарада Бас директор Қ. Жамбакин құттықтау сөз сөйледі, ол мерекенің маңыздылығын айта отырып, Институт ұжымының осы жылдар ішінде отандық биологиялық ғылымды дамытуға және зияткерлік әлеуетті нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.
Институттың жетекші ғалымдары ұжымға құттықтау сөз сөйледі, және де жас ғалымдарға Ғылым және жоғары білім министрлігінің мараппатары табыс етілді: Құрмет грамотасы — Диляра Гриценко; Алғысы – Мөлдір Ермағамбетова, Марина Хуснитдинова, Төлеген Арман, Костюкова Валерия, Садықова Әсель.







