Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024 жылғы «Үздік ғылыми қызметкер» конкурсының жеңімпаздарын құттықтаймыз!

 

ҚР ҒЖБМ жыл сайынғы 2024 жылғы «Үздік ғылыми қызметкер» конкурсының қорытындысы шығарылды.

Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі № 103-VIII ҚРЗ «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің тарапынан ғалымдарды қолдаудың кезекті шарасы жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығын тағайындау болды. Ол ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдарды, ғылыми қызметкерлерді қолдауға бағытталған. Ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың 50 ғалымы жеңімпаз атанды.

 

Жеңімпаздар қатарында — ӨББИ Селекция және биотехнология зертханасының екі өкілі бар — зертхана меңгерушісі, PhD, профессор Шамекова Малика Хабидулаевна және жетекші ғылыми қызметкер, PhD, қаумдастырылған профессор Сапахова Загипа Бейсеновна.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!