ӨСІМДІКТЕР БИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯСЫ ИНСТИТУТЫНА ПРОФЕССОР САЙ ЛИ ХАН САЙ БАСТАҒАН ҚЫТАЙДЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДОСТЫҚ САПАРМЕН КЕЛДІ

Профессор Сай Ли Хан Сай бастаған Қытай ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының қызметкерлері Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтында болды. Профессор Сай Ли Хан Сай 2024-2026 жылдарға арналған BR22887230 « Қазақстан Республикасының аумағында шектеулі таралған карантиндік зиянды организмдер популяцияларының санын басқарудың тиімді жүйесін құру » бағдарламасын іске асыру шеңберінде молекулалық биология зертханасының қызметкері, академик Абай Оразұлы Сағитовқа дронды сыйға тартты. Молекулалық биология зертханасы мен Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының ұжымы қытайлық әріптестеріне алғысын білдіреді және нәтижелі ынтымақтастыққа үміттенеді.