2025 жылғы 12 қараша күні Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты Қытай Халық Республикасының Цзыгун ауыл шаруашылығы ғылымдар академиясының (Zigong Academy of Agricultural Sciences) делегациясын қабылдады.  

Делегация құрамы:

Чжу Юнь – Қытай Коммунистік партиясының Цзыгун қалалық комитеті хатшысының орынбасары;

Цзи Фэй – Цзыгун қалалық ауыл шаруашылығы және ауылдық істер басқармасының директоры;

Сяо Сяоган – Фушунь уездік комитеті хатшысының орынбасары;

Чэнь Юнхан – Яньтань аудандық комитеті хатшысының орынбасары;

Ли Цзяньмин – Қытай Коммунистік партиясының Цзыгун қалалық комитеті саяси зерттеулер бөлімінің директорының орынбасары;

Янь Шэнминь – күріш селекциясы және өсіру бойынша маман.

 

Кездесудің мақсаты – Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты мен Цзыгун ауыл шаруашылығы ғылымдар академиясы арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамыту және өзара байланыстарды тереңдету.

 

Негізгі бағыттар – ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сұрыптарын жасау, өндіріске енгізу және қайта өңдеу салаларындағы инновациялық технологиялармен алмасу, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу.

 

Кездесу барысында институт басшылығымен және ғалымдарымен кездесу өткізіліп, ғылыми ынтымақтастықтың перспективалары, жас ғалымдармен академиялық алмасу және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Тараптар өзара Ынтымақтастық Туралы Меморандумға қол қойды. Делегация сондай-ақ институттың ғылыми-зерттеу зертханаларымен танысып, болашақтағы бірлескен қызметтің бағыттары бойынша келіссөздер жүргізді.