2025 жылғы 29 желтоқсанда Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты ұжымының Жаңа жылды мерекелеуге және Институттың 2025 жылғы қызметінің қорытындысына арналған жалпы жиналысы өтті.

 

Жиналыста Бас директор Жамбакин Кабыл Жапарұлы 2025 жылдың қорытындысын шығарды, ұжымды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, ғылымдағы жоғары сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін алғысын білдірді. Зертхана меңгерушілері де құттықтауларын білдіріп, зертхананың институт жетістіктеріне қосқан үлесін атап өтті.

Жыл сайынғы «ӨББИ үздік ғалымы» байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаз — Гермоплазманы криосақтау зертханасының меңгерушісі, профессор Кушнаренко Светлана Вениаминовнаға ерекше ғылыми жетістіктері үшін сертификат пен марапат табысталды.

«2025 жылғы ең үздік жас ғалым» жас ғалымдар байқауының жеңімпаздарына ғылыми зерттеулердің дамуындағы жоғары көрсеткіштері үшін грамоталар мен наградаларды тапсырды (1 орын — PhD, Пожарский Александр Сергеевич. 2 орын – PhD, Кумарбаева Мадина Талғарқызы, 3 орын – PhD, Дауров Диас Ламзарұлы).  Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Туруспеков Ерлан Кенесбекұлы жас ғалымдарға белсенді ғылыми жұмыстары үшін ынталандыру сыйлықтарын табыс етті: Пожарский А.С., Кумарбаева М.Т., Дауров Д.Л., Гениевская Ю.А., Ермагамбетова М.М.

ӨББИ жас ғалымдар конференциясының жеңімпаздарына сертификаттар мен марапаттар табысталды (1 орын – PhD, Юлия Анатольевна Гениевская, 2 орын – магистр, Аружан Сайранқызы Мендыбаева, 3 орын – PhD, Ақерке Ықласқызы Амалова).

ӨББИ жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Амалова Акерке Ыкыласкызы 2025 жылы Кеңес қызметі туралы есеп ұсынды. Жас ғалымдар кеңесінің атынан және жеке өз атынан бірқатар жас ғалымдарға ынталандыру сыйлықтарын табыс етті. Талқылау барысында Кеңестің жене жеке өзі Амалова Ақерке Ықыласқызының институттың ғылыми және қоғамдық өміріндегі жоғары белсенділігі атап өтілді.

Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және оларға шығармашылық табыс тілейміз!