Ғылыми кеңес

Ғылыми кеңес

Ғылыми кеңес Институттың ғылыми және ғылыми-өндірістік қызметі мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады. ӨББИ Ғылыми кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2015 жылғы 20 қарашадағы № 1427 бұйрығымен бекітілген ӨББИ Жарғысын және осы Ережені басшылыққа алады.

 

Ғылыми кеңестің негізгі міндеттері

  • ӨББИ-дың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметі мәселелерін қарау, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және ұсынымдар енгізу;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (ЖҒТК) айқындаған Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің басым бағыттарын іске асыруға жәрдемдесу;
  • ӨББИ қызметінің стратегиялық және ағымдағы жоспарларын қарау;
  • Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу мәселелері бойынша ғылыми ұйымдармен, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен, ғылыми қоғамдастықпен өзара іс-қимыл мәселелерін қарау;
  • Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды зерделеу және әзірлеу;
  • Ұйымның ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметін дамыту мәселелерін қарау;
  • Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін танымал етуге және насихаттауға қатысу, оларды коммерцияландыруға жәрдемдесу;
  • Халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу;
  • Ғылыми ұйым мен оның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

 

Ғылыми кеңестің негізгі функциялары

  • ЖҒТК айқындаған ғылымды дамытудың басым бағыттарын іске асыру мақсатында ғылыми ұйым қызметінің негізгі бағыттарын талқылайды және олар бойынша ұсынымдар әзірлейді;
  • Ғылымды дамыту жөнінде, оның ішінде мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, ғылым саласын дамыту тұжырымдамасын әзірлеу кезінде, ғылымды дамытудың басым бағыттары, ҒЗТКЖ-ны дамытудың басым бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді, сондай-ақ ғылым саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді өзгерту және жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
  • ҒЗТКЖ жоспарларын бекіту және іске асыру, олардың нәтижелерін практикада қолдану, ғылыми кадрлар даярлау, ғылыми еңбектерді басып шығару мәселелерін қарайды және олар бойынша ұсынымдар әзірлейді;
  • Ғылыми ұйымның ғылыми, ғылыми-ұйымдастырушылық және өндірістік қызметінің нәтижелері туралы есептерді бекіту мәселелерін қарайды және ұсынымдар әзірлейді;
  • Ғылыми ұйымды басқаруды жетілдіру, сондай-ақ ҒЗТКЖ-ға бөлінген қаржы қаражатын тиімді пайдалану мәселелерін талқылайды және ұсынымдар береді;
  • Ғылыми ұйымдармен және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық мәселелерін қарайды;
  • Құрылымдық бөлімшелердің, олардың басшыларының және жекелеген ғылыми қызметкерлердің ғылыми, ғылыми-техникалық және өндірістік қызметі туралы есептерін тыңдайды;
  • Ғылыми ұйымның халықаралық ынтымақтастығы мәселелерін, шетелдік ұйымдармен бірлесіп жүргізілетін ғылыми зерттеулердің орындалу барысын талқылайды, қызметкерлердің шетелдік ғылыми іссапарларының қорытындылары туралы есептерін тыңдайды;
  • Ғылыми кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелерін талқылайды, ғалымдардың ғылыми кадрларды даярлау жөніндегі жұмыстары туралы хабарламаларын жүйелі түрде тыңдайды;
  • Ғылыми еңбектерді, ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстарды мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарға ұсынады;
  • Ғылымның дамуына үлес қосқан ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне ғылыми және құрметті атақтар беру, оларды наградалармен марапаттау үшін кандидатураларды ұсынады;
  • Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамына ұсынылатын ғалымдардың кандидатураларын қарайды;
  • Ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасу мәселелерін талқылайды және олар бойынша ұсынымдар әзірлейді;
  • Ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің (жекелеген авторлар мен авторлық ұжымдардың) ғылыми еңбектерін жариялауға ұсынады;
  • Ғылыми ұйымның құрылымдық бөлімшелерін (зертханаларды, бөлімдерді) құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерін талқылайды және олар бойынша ұсынымдар әзірлейді;
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін тиісті салаларға енгізу мәселелерін қарайды және олар бойынша ұсынымдар әзірлейді.

 

Ғылыми кеңестің құрамы 

1. Ермекбаев К.А. Бас директор, Ғылыми кеңестің төрағасы, PhD
2. Ахметова Д.Ш. Бас ғалым хатшы, кеңес хатшысы, биология ғылымдарының кандидаты
3. Гриценко Д.А. Молекулалық биология зертханасының меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор
4. Кохметова А.М. Генетика және селекция зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор
5. Кушнаренко С.В. Гермоплазманы криосақтау зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, профессор
6. Туруспеков  Е.К. Молекулалық генетика зертханасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, биология ғылымдарының кандидаты, профессор
7. Усенбеков Б.Н. Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
8. Шамекова М.Х. Селекция және биотехнология зертханасының меңгерушісі, PhD, профессор
9. Абугалиева С.И. Молекулалық генетика зертханасының бас ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының докторы, профессор
10. Жамбакин К.Ж. Селекция және биотехнология зертханасының бас ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының докторы, профессор
11. Нуржанова А.А. Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы зертханасының бас ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының докторы, профессор
12. Рахимбаев И.Р. Гермоплазманы криосақтау зертханасының бас ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының докторы, профессор
13. Мурсалиева В.К. Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты
14. Ромаданова Н.В. Гермоплазманы криосақтау зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
15. Сапахова З.Б. Селекция және биотехнология зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, PhD, қауымдастырылған профессор
16. Альмерекова Ш.С. Молекулалық генетика зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, PhD, қауымдастырылған профессор
17. Амалова А.Ы. Молекулалық генетика зертханасының аға ғылыми қызметкері, PhD, Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы

 

 

15.10.2025 ж.

10500 – Биологиялық ғылымдар ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын ІЗДЕНУШІ Затыбеков А.К. ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА және  жарияланымдар тізімі

Танысуға арналған құжаттар төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді:

Затыбеков А.К. анықтамасы

Затыбеков А.К. жарияланымдарының тізімі

 

15.10.2024 ж.

10500 – Биология ғылымдары мамандығы бойынша профессор ғылыми атағын ІЗДЕНУШІ УТЕУЛИН К.Р. ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА және  жарияланымдар тізімі

Танысуға арналған құжаттар төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді:

Утеулин К.Р. анықтамасы

Утеулин-К.Р. жарияланымдарының тізімі

 

22.08.2024 ж.

10500 – Биология ғылымдары мамандығы бойынша профессор ғылыми атағын ІЗДЕНУШІ ШАМЕКОВА М.Х. ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА және  жарияланымдар тізімі

Танысуға арналған құжаттар төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді:

Шамекова М.Х. анықтамасы

Шамекова М.Х. жарияланымдарының тізімі

 

02.05.2024 ж.

03.01.00 – Биология ғылымдары мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын ІЗДЕНУШІ Гриценко Д. А. ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА және  жарияланымдар тізімі

Танысуға арналған құжаттар төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді:

Гриценко Д.А. Анықтама

Гриценко Д.А Ғылыми еңбектерінің тізімі

 

14.02.2024 ж.

10500 – Биологиялық ғылымдар ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын ІЗДЕНУШІ АЛЬМЕРЕКОВА Ш. С. ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА және  жарияланымдар тізімі

Танысуға арналған құжаттар төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді:

Альмерекова Ш.С. анықтамасы

Альмерекова Ш.С. жарияланымдарының тізімі

 

21.12.2022 ж.

03.01.00 – Биология ғылымдары мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын ІЗДЕНУШІ САПАХОВА З.Б. ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА және  жарияланымдар тізімі

Танысуға арналған құжаттар төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді:

Сапахова З.Б. анықтамасы

Сапахова З.Б. жарияланымдарының тізім

 

27.11.2020 ж.

03.01.00 – Биология мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын ІЗДЕНУШІ КОВАЛЬЧУК И.Ю. ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА және  жарияланымдар тізімі

Танысуға арналған құжаттар төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді:

Ковальчук И.Ю. анықтамасы

Ковальчук И.Ю. жарияланымдарының тізімі

 

16.11.2021 ж.

03.01.00 – Биология ғылымдары мамандығы бойынша профессор ғылыми атағын ІЗДЕНУШІ КУШНАРЕНКО С.В. ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА және  жарияланымдар тізімі

Танысуға арналған құжаттар төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді:

Кушнаренко С.В. анықтамасы

Кушнаренко С.В. жарияланымдарының тізімі

 

10.11.2020 ж.

03.01.00 – Биология ғылымдары мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын ІЗДЕНУШІ РОМАДАНОВА Н.В. ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА және  жарияланымдар тізімі

Танысуға арналған құжаттар төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді:

Ромаданова Н.В. анықтамасы

Ромаданова Н.В. жарияланымдарының тізімі

 

10.11.2020 ж.

03.01.00 – Биология мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын ІЗДЕНУШІ ТУРДИЕВ Т.Т. ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА және  жарияланымдар тізімі

Танысуға арналған құжаттар төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді:

Турдиев Т.Т. анықтамасы

Турдиев Т.Т. жарияланымдарының тізімі

 

30.07.2018 ж.

03.01.00 – Биология мамандығы бойынша профессор ғылыми атағын ІЗДЕНУШІ АБУГАЛИЕВА С.И. ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА және  жарияланымдар тізімі

Танысуға арналған құжаттар төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді:

Абугалиева С.И. анықтамасы

Абугалиева С.И. жарияланымдарының тізімі

 

14.05.2018 ж.

03.01.00 – Биология мамандығы бойынша профессор ғылыми атағын ІЗДЕНУШІ ТУРУСПЕКОВ Е.К. ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА және  жарияланымдар тізімі

Танысуға арналған құжаттар төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді:

Туруспеков Е.К. анықтамасы

Туруспеков Е.К. жарияланымдарының тізімі

 

30.032018 ж.

03.01.00 – Биология ғылымдары мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын ІЗДЕНУШІ УСЕНБЕКОВ Б.Н. ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА және  жарияланымдар тізімі

Танысуға арналған құжаттар төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді:

Усенбеков Б.Н. анықтамасы

Усенбеков Б.Н. жарияланымдарының тізімі