22.09.2025 ж
Бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу туралы
Хабарландыру
- Мемлекеттік кәсіпорынның атауы: ҚР ҒЖБМ ҒК «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты» ШЖҚ РМК, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 45, тел.+77273947562, e-mail: ipbb_kz@yahoo.com
- Бос лауазымның атауы: селекция және биотехнология зертханасына аға ғылым қызметкер лауазымына бос орын жариялайды
- Құжаттарды қабылдау уақыты мен күні: 09-00, 22.09.2025 жылдан 18-00, 06.10.2025 жылға дейін.
- Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: жеке куәлік, білімі туралы дипломдар, сотталмағандығы туралы анықтама, мекенжай туралы анықтама, медициналық анықтама 075-нысан, түйіндеме.
| Талаптар | Міндетті (қажетті) | Қосымша (қалауы) |
| Білімі | Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі, ғылыми еңбектерінің немесе өнертабыстарға авторлық куәліктерінің, сондай-ақ практикада іске асырылған ірі жобалар мен әзірлемелердің болуы. | ЕО немесе АҚШ елдерінде кемінде бір жыл оқу немесе тағылымдамадан өту. |
| Кәсіби біліктілігі | Білуге тиіс: жүргізілетін зерттеулер мен әзірлемелер тақырыбы бойынша ғылыми проблемалар; экономикалық қызметтің тиісті түрлері бойынша басшылық материалдар, осы мәселелер бойынша отандық және шетелдік ақпарат; зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау мен ұйымдастырудың, эксперименттер мен бақылаулар жүргізудің, оның ішінде электрондық-есептеу техникасын пайдалана отырып жүргізудің қазіргі заманғы әдістері мен құралдары; экономикалық қызметтің тиісті түрінің экономикасы; еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптары. | Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жақсы білу (оқу, сөйлеу және жазу). Молекулалық биология, биотехнология және биохимия әдістерін қолдану (ДНҚ оқшаулау, ПТР, ИФА, хроматография, қоректік ортаны дайындау және т.б.). |
| Еңбек өтілі | Тиісті мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 10 жыл, ғылыми еңбектерінің немесе өнертабысқа авторлық куәліктерінің болуы, ғылыми дәрежесі болған жағдайда-жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды. | Зерттеуші ретінде халықаралық, республикалық гранттық жобалар мен бағдарламаларға қатысу. |
| Лауазымдық міндеттері | Дербес тақырыптарды, сондай-ақ тақырыптың бір бөлігі (бөлімі, кезеңі) болып табылатын әзірлемелерді зерттеу кезінде қызметкерлер тобына ғылыми басшылықты жүзеге асырады немесе неғұрлым күрделі және жауапты жұмыстарды орындаушы ретінде ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізеді; зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізудің жоспарлары мен әдістемелік бағдарламаларын әзірлейді; тақырып бойынша ғылыми-техникалық ақпаратты жинауды және зерделеуді ұйымдастырады, талдау және ғылыми деректерді, эксперименттер мен бақылаулардың нәтижелерін теориялық жалпылау; оның басшылығымен жұмыс істейтін қызметкерлер алған нәтижелердің дұрыстығын тексереді; кадрлардың біліктілігін арттыруға қатысады; жүргізілген зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін енгізеді. |
