Лауазымға бос орын: селекция және биотехнология зертханасында кіші ғылыми қызметкер

27.05.2024 ж.

 

Бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу туралы

   Хабарландыру

 

  1. Мемлекеттік кәсіпорынның атауы: ҚР БҒМ ҒК «Өсімдіктердің биологиясы және Биотехнологиясы институты» ШЖҚ РМК, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 45, тел.+77273947562, e-mail: ipbb_kz@yahoo.com
  2. Бос лауазымның атауы: селекция және биотехнология зертханасында кіші ғылыми қызметкер
  3. Құжаттарды қабылдау уақыты мен күні: 09-00, 27.05.2024 жылдан 18-00, 10.06.2024 жылға дейін.
  4. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: жеке куәлік, білімі туралы дипломдар, сотталмағандығы туралы анықтама, мекенжай туралы анықтама, медициналық анықтама 075-нысан, түйіндеме.
Талаптар Міндетті (қажетті) Қосымша (қалауы)
Білімі Жоғары білімі бар маман (5 жыл) немесе мамандықтар бойынша магистр (биология, биотехнология немесе биохимия). ЕО немесе АҚШ елдерінде кемінде бір жыл оқу немесе тағылымдамадан өту.
Кәсіби біліктілігі Білуге тиіс: зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау мен ұйымдастырудың, эксперименттер мен бақылаулар жүргізудің, ақпаратты, оның ішінде электрондық-есептеу техникасын қолдана отырып жинақтау мен өңдеудің қазіргі заманғы әдістері мен құралдары, Қазақстан Республикасының Ғылым, еңбек туралы заңнамасының негіздері, еңбекті ұйымдастыру, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, өрт қауіпсіздігі талаптары. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жақсы білу (оқу, сөйлеу және жазу). Молекулалық биология, биотехнология және биохимия әдістерін қолдану (ДНҚ оқшаулау, ПТР, ИФА, хроматография, қоректік ортаны дайындау және т.б.).
Еңбек өтілі ҒЗИ немесе университеттердің биология және биотехнология саласындағы зертханаларында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі. Зерттеуші ретінде халықаралық, республикалық гранттық жобалар мен бағдарламаларға қатысу.
Лауазымдық міндеттері Жауапты орындаушының басшылығымен тақырыптардың жекелеген бөлімдері (кезеңдері, тапсырмалары) бойынша ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жүргізеді. Эксперименттерді орындауға қатысады, бақылаулар мен өлшеулер жүргізеді, олардың сипаттамасын жасайды және қорытындыларды тұжырымдайды. Зерттелетін тақырып бойынша ғылыми-техникалық ақпаратты, отандық және шетелдік тәжірибені зерделейді. Тақырып немесе оның бөлімі (кезеңі, тапсырмасы) бойынша есептер (есеп бөлімдері) жасайды.