Ғылыми кеңес
Ғылыми кеңес Институттың ғылыми және ғылыми-өндірістік қызметі мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады. ӨББИ Ғылыми кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2015 жылғы 20 қарашадағы № 1427 бұйрығымен бекітілген ӨББИ Жарғысын және осы Ережені басшылыққа алады.
Ғылыми кеңестің негізгі міндеттері
- ӨББИ-дың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметі мәселелерін қарау, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және ұсынымдар енгізу;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (ЖҒТК) айқындаған Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің басым бағыттарын іске асыруға жәрдемдесу;
- ӨББИ қызметінің стратегиялық және ағымдағы жоспарларын қарау;
- Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу мәселелері бойынша ғылыми ұйымдармен, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен, ғылыми қоғамдастықпен өзара іс-қимыл мәселелерін қарау;
- Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды зерделеу және әзірлеу;
- Ұйымның ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметін дамыту мәселелерін қарау;
- Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін танымал етуге және насихаттауға қатысу, оларды коммерцияландыруға жәрдемдесу;
- Халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу;
- Ғылыми ұйым мен оның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
Ғылыми кеңестің негізгі функциялары
- ЖҒТК айқындаған ғылымды дамытудың басым бағыттарын іске асыру мақсатында ғылыми ұйым қызметінің негізгі бағыттарын талқылайды және олар бойынша ұсынымдар әзірлейді;
- Ғылымды дамыту жөнінде, оның ішінде мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, ғылым саласын дамыту тұжырымдамасын әзірлеу кезінде, ғылымды дамытудың басым бағыттары, ҒЗТКЖ-ны дамытудың басым бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді, сондай-ақ ғылым саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді өзгерту және жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
- ҒЗТКЖ жоспарларын бекіту және іске асыру, олардың нәтижелерін практикада қолдану, ғылыми кадрлар даярлау, ғылыми еңбектерді басып шығару мәселелерін қарайды және олар бойынша ұсынымдар әзірлейді;
- Ғылыми ұйымның ғылыми, ғылыми-ұйымдастырушылық және өндірістік қызметінің нәтижелері туралы есептерді бекіту мәселелерін қарайды және ұсынымдар әзірлейді;
- Ғылыми ұйымды басқаруды жетілдіру, сондай-ақ ҒЗТКЖ-ға бөлінген қаржы қаражатын тиімді пайдалану мәселелерін талқылайды және ұсынымдар береді;
- Ғылыми ұйымдармен және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық мәселелерін қарайды;
- Құрылымдық бөлімшелердің, олардың басшыларының және жекелеген ғылыми қызметкерлердің ғылыми, ғылыми-техникалық және өндірістік қызметі туралы есептерін тыңдайды;
- Ғылыми ұйымның халықаралық ынтымақтастығы мәселелерін, шетелдік ұйымдармен бірлесіп жүргізілетін ғылыми зерттеулердің орындалу барысын талқылайды, қызметкерлердің шетелдік ғылыми іссапарларының қорытындылары туралы есептерін тыңдайды;
- Ғылыми кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелерін талқылайды, ғалымдардың ғылыми кадрларды даярлау жөніндегі жұмыстары туралы хабарламаларын жүйелі түрде тыңдайды;
- Ғылыми еңбектерді, ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстарды мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарға ұсынады;
- Ғылымның дамуына үлес қосқан ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне ғылыми және құрметті атақтар беру, оларды наградалармен марапаттау үшін кандидатураларды ұсынады;
- Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамына ұсынылатын ғалымдардың кандидатураларын қарайды;
- Ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасу мәселелерін талқылайды және олар бойынша ұсынымдар әзірлейді;
- Ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің (жекелеген авторлар мен авторлық ұжымдардың) ғылыми еңбектерін жариялауға ұсынады;
- Ғылыми ұйымның құрылымдық бөлімшелерін (зертханаларды, бөлімдерді) құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерін талқылайды және олар бойынша ұсынымдар әзірлейді;
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін тиісті салаларға енгізу мәселелерін қарайды және олар бойынша ұсынымдар әзірлейді.
Ғылыми кеңестің құрамы
| 1. | Ермекбаев К.А. | Бас директор, Ғылыми кеңестің төрағасы, PhD |
| 2. | Ахметова Д.Ш. | Бас ғалым хатшы, кеңес хатшысы, биология ғылымдарының кандидаты |
| 3. | Гриценко Д.А. | Молекулалық биология зертханасының меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор |
| 4. | Кохметова А.М. | Генетика және селекция зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор |
| 5. | Кушнаренко С.В. | Гермоплазманы криосақтау зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, профессор |
| 6. | Туруспеков Е.К. | Молекулалық генетика зертханасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, биология ғылымдарының кандидаты, профессор |
| 7. | Усенбеков Б.Н. | Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор |
| 8. | Шамекова М.Х. | Селекция және биотехнология зертханасының меңгерушісі, PhD, профессор |
| 9. | Абугалиева С.И. | Молекулалық генетика зертханасының бас ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының докторы, профессор |
| 10. | Жамбакин К.Ж. | Селекция және биотехнология зертханасының бас ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының докторы, профессор |
| 11. | Нуржанова А.А. | Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы зертханасының бас ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының докторы, профессор |
| 12. | Рахимбаев И.Р. | Гермоплазманы криосақтау зертханасының бас ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының докторы, профессор |
| 13. | Мурсалиева В.К. | Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты |
| 14. | Ромаданова Н.В. | Гермоплазманы криосақтау зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор |
| 15. | Сапахова З.Б. | Селекция және биотехнология зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, PhD, қауымдастырылған профессор |
| 16. | Альмерекова Ш.С. | Молекулалық генетика зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, PhD, қауымдастырылған профессор |
| 17. | Амалова А.Ы. | Молекулалық генетика зертханасының аға ғылыми қызметкері, PhD, Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы |
10500 – Биологиялық ғылымдар ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын ІЗДЕНУШІ Затыбеков А.К. ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА және жарияланымдар тізімі
Танысуға арналған құжаттар төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді:
Затыбеков А.К. жарияланымдарының тізімі
10500 – Биология ғылымдары мамандығы бойынша профессор ғылыми атағын ІЗДЕНУШІ УТЕУЛИН К.Р. ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА және жарияланымдар тізімі
Танысуға арналған құжаттар төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді:
Утеулин-К.Р. жарияланымдарының тізімі
10500 – Биология ғылымдары мамандығы бойынша профессор ғылыми атағын ІЗДЕНУШІ ШАМЕКОВА М.Х. ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА және жарияланымдар тізімі
Танысуға арналған құжаттар төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді:
Шамекова М.Х. жарияланымдарының тізімі
03.01.00 – Биология ғылымдары мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын ІЗДЕНУШІ Гриценко Д. А. ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА және жарияланымдар тізімі
Танысуға арналған құжаттар төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді:
Гриценко Д.А Ғылыми еңбектерінің тізімі
10500 – Биологиялық ғылымдар ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын ІЗДЕНУШІ АЛЬМЕРЕКОВА Ш. С. ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА және жарияланымдар тізімі
Танысуға арналған құжаттар төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді:
Альмерекова Ш.С. жарияланымдарының тізімі
03.01.00 – Биология ғылымдары мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын ІЗДЕНУШІ САПАХОВА З.Б. ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА және жарияланымдар тізімі
Танысуға арналған құжаттар төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді:
Сапахова З.Б. жарияланымдарының тізім
03.01.00 – Биология мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын ІЗДЕНУШІ КОВАЛЬЧУК И.Ю. ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА және жарияланымдар тізімі
Танысуға арналған құжаттар төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді:
Ковальчук И.Ю. жарияланымдарының тізімі
03.01.00 – Биология ғылымдары мамандығы бойынша профессор ғылыми атағын ІЗДЕНУШІ КУШНАРЕНКО С.В. ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА және жарияланымдар тізімі
Танысуға арналған құжаттар төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді:
Кушнаренко С.В. жарияланымдарының тізімі
03.01.00 – Биология ғылымдары мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын ІЗДЕНУШІ РОМАДАНОВА Н.В. ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА және жарияланымдар тізімі
Танысуға арналған құжаттар төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді:
Ромаданова Н.В. жарияланымдарының тізімі
03.01.00 – Биология мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын ІЗДЕНУШІ ТУРДИЕВ Т.Т. ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА және жарияланымдар тізімі
Танысуға арналған құжаттар төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді:
Турдиев Т.Т. жарияланымдарының тізімі
03.01.00 – Биология мамандығы бойынша профессор ғылыми атағын ІЗДЕНУШІ АБУГАЛИЕВА С.И. ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА және жарияланымдар тізімі
Танысуға арналған құжаттар төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді:
Абугалиева С.И. жарияланымдарының тізімі
03.01.00 – Биология мамандығы бойынша профессор ғылыми атағын ІЗДЕНУШІ ТУРУСПЕКОВ Е.К. ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА және жарияланымдар тізімі
Танысуға арналған құжаттар төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді:
Туруспеков Е.К. жарияланымдарының тізімі
03.01.00 – Биология ғылымдары мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын ІЗДЕНУШІ УСЕНБЕКОВ Б.Н. ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА және жарияланымдар тізімі
Танысуға арналған құжаттар төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді:
