Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институтына Қытай ауылшаруашылық ғылым академиясының (CAAS) Батыс ауыл шаруашылығы институты директорының орынбасары Лю Чжэньху бастаған ғалымдар құрамы 2025 жылдың 9 маусымында ресми іссапармен келді. Делегация құрамында Ян Пинг, Чжун Цзихуа, Ван Ли Ронг, Чжу Цзин, Ван Ян болды. Кездесу қорытындысы бойынша ӨББИ мен Батыс ауыл шаруашылығы институты арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты нығайту және әріптестік қатынастарды орнату болып табылады. Меморандум шеңберіндегі ынтымақтастық болашақ бірлескен жобалар шеңберінде өзара ынтымақтастық, докторантура және магистратура бойынша ғылыми мамандар даярлау, ғылыми ақпаратпен және озық тәжірибемен алмасу, конференциялар, форумдар, консультациялар, семинарлар, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шараларды өткізуге қатысу жолымен жүзеге асырылады деп болжанады.
Қытай ауылшаруашылық ғылымдары академиясының Батыс ауыл шаруашылығы институты
1.Лю Чжэньху – Директордың орынбасары, Батыс дала экологиясын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми топ, ғылыми қызметкер;
2.Ян Пинг – Батыс өңірлердің мал түрлерінің ресурстары мен қолданылуы жөніндегі ғылыми топ, ғылыми қызметкер;
3.Чжан Цэхуа – Экологиялық таза дақылдарды қорғау жөніндегі ғылыми топ, ғылыми қызметкер;
4.Ван Лижун – Батыс өңірлеріне тән жеміс дақылдарын өндіру тиімділігін арттыру жөніндегі ғылыми топ, ғылыми қызметкер;
5.Чжу Цзин – Батыс дала экологиясын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми топтың негізгі қызметкері;
6.Ван Ян – Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жетекші маман.