2026 жылғы 3 – 28 тамыз аралығында биология ғылымдарының докторы, профессор, Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының Генетика және селекция зертханасының меңгерушісі Алма Мырзабекқызы Кохметова қазақстандық ғылыми делегация құрамында Қытай Халық Республикасының Шаньдун провинциясында орналасқан Циндао ауыл шаруашылығы университетіне (Qingdao Agricultural University) іссапармен барды. Сапардың мақсаты Қазақстан мен Қытай арасындағы академиялық және ғылыми алмасуды дамыту, кәсіби тәжірибе алмасу және алдағы ынтымақтастықтың
