Бос лауазымның атауы: селекция және биотехнология зертханасына аға ғылым қызметкер лауазымына бос орын жариялайды

22.09.2025 ж

 

Бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу туралы

Хабарландыру

 

  1. Мемлекеттік кәсіпорынның атауы: ҚР ҒЖБМ ҒК «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты» ШЖҚ РМК, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 45, тел.+77273947562, e-mail: ipbb_kz@yahoo.com
  2. Бос лауазымның атауы: селекция және биотехнология зертханасына аға ғылым қызметкер лауазымына бос орын жариялайды
  3. Құжаттарды қабылдау уақыты мен күні: 09-00, 22.09.2025 жылдан 18-00, 06.10.2025 жылға дейін.
  4. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: жеке куәлік, білімі туралы дипломдар, сотталмағандығы туралы анықтама, мекенжай туралы анықтама, медициналық анықтама 075-нысан, түйіндеме.
Талаптар Міндетті (қажетті) Қосымша (қалауы)
Білімі Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі, ғылыми еңбектерінің немесе өнертабыстарға авторлық куәліктерінің, сондай-ақ практикада іске асырылған ірі жобалар мен әзірлемелердің болуы. ЕО немесе АҚШ елдерінде кемінде бір жыл оқу немесе тағылымдамадан өту.
Кәсіби біліктілігі Білуге тиіс: жүргізілетін зерттеулер мен әзірлемелер тақырыбы бойынша ғылыми проблемалар; экономикалық қызметтің тиісті түрлері бойынша басшылық материалдар, осы мәселелер бойынша отандық және шетелдік ақпарат; зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау мен ұйымдастырудың, эксперименттер мен бақылаулар жүргізудің, оның ішінде электрондық-есептеу техникасын пайдалана отырып жүргізудің қазіргі заманғы әдістері мен құралдары; экономикалық қызметтің тиісті түрінің экономикасы; еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптары. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жақсы білу (оқу, сөйлеу және жазу). Молекулалық биология, биотехнология және биохимия әдістерін қолдану (ДНҚ оқшаулау, ПТР, ИФА, хроматография, қоректік ортаны дайындау және т.б.).
 
Еңбек өтілі Тиісті мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 10 жыл, ғылыми еңбектерінің немесе өнертабысқа авторлық куәліктерінің болуы, ғылыми дәрежесі болған жағдайда-жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды. Зерттеуші ретінде халықаралық, республикалық гранттық жобалар мен бағдарламаларға қатысу.
Лауазымдық міндеттері Дербес тақырыптарды, сондай-ақ тақырыптың бір бөлігі (бөлімі, кезеңі) болып табылатын әзірлемелерді зерттеу кезінде қызметкерлер тобына ғылыми басшылықты жүзеге асырады немесе неғұрлым күрделі және жауапты жұмыстарды орындаушы ретінде ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізеді; зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізудің жоспарлары мен әдістемелік бағдарламаларын әзірлейді; тақырып бойынша ғылыми-техникалық ақпаратты жинауды және зерделеуді ұйымдастырады, талдау және ғылыми деректерді, эксперименттер мен бақылаулардың нәтижелерін теориялық жалпылау; оның басшылығымен жұмыс істейтін қызметкерлер алған нәтижелердің дұрыстығын тексереді; кадрлардың біліктілігін арттыруға қатысады; жүргізілген зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін енгізеді.