Профессор Хироши Хисаноның (Жапония) ӨББИ-ге сапары

Окаяма университетінің профессоры Хироши Хисано (Курашики, Окаяма префектурасы, Жапония) екі күндік сапармен (2026 жылдың 24-25 шілдесі) ҒЖБМ Ғылым комитетінің  «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты» РМК Молекулалық генетика зертханасына барды. Профессор Хисано арпа геномикасы бойынша баяндама жасап, семинарға қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Сапар барысында жабайы және мәдени арпа генетикасы бойынша бірлескен зерттеулердің нәтижелері мен перспективалары талқыланды. Профессор Хисано Қазақстан мен Жапония ғалымдары арасындағы ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттілігін және зертханадағы жас ғалымдарға дәнді дақылдар генетикасы саласындағы дағдыларын жетілдіруге қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.