25 сентября, 2026

25
Сен

Малайзия делегациясының Институтқа сапары

  2026 жылғы 23 қыркүйекте Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтына Малайзияның Паханг Аль-Сұлтан Абдулла университетінің (UMPSA) делегациясы келді. Делегацияны профессор Камал бин Юсох басқарды. Кездесуде ҚазҰАЗУ-да қос диплом бағдарламасы бойынша білім алып жатқан малайзиялық студенттердің өндірістік және ғылыми-зерттеу практикасын ұйымдастыру мүмкіндіктері талқыланды. Қонақтар Институттың зертханаларымен, ғылыми инфрақұрылымымен және заманауи жабдықтарымен танысты.